к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жас ғалымдар кеңесі

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жас ғалымдар мен мамандар кеңесі академия қызметкерлерін ғылымды дамыту, республиканың ғылыми әлеуетінің тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге тарту мақсатында құрылған. Кеңес алғаш рет 1994 жылы құрылды және қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.

Кеңестің қызметі «Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі туралы» (әрі қарай ЖҒжМК)ережемен реттеледі, оған сәйкес жас ғалымдар болып ғылыми қызметкерлер, ізденушілер, магистранттар мен докторанттар, Академияның ғылыми қызметпен айналысатын 40 жастан аспаған оқытушылары танылады.

Бүгінгі таңда Кеңес құрамына оның мүшелері болып табылатын 140-қа жуық жас ғалымдар мен мамандар кіреді. Орталық орган – Кеңес Президиумы.

Кеңес Президиумының төрағасы – ҒЗИ ІІО тарихын зерттеу орталығының аға ағылыми қызметкері, полиция капитаны Құлынтай Монай басқарады.

Сонымен қатар Төралқа құрамына төраға орынбасарлары – жалпы заң пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., полиция майоры Тұтқұшев Арман Есенгелдіұлы;

ҒЗИ ІІО тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция майоры Кабдрашит Аяна Аскаровна;

Қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Шаухар Данияр Қанатұлы;

Хатшысы –  қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция капитаны Жақсылықова Наргиза Болатбекқызы.

Жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу үшін Жас ғалымдар және  мамандар Кеңесі келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

– академияның жас ғалымдары мен мамандарының кәсіби өсуіне, олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуына ықпал ету;
– жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда ІІМ Қарағанды академиясының ЖҒжМК қызметін үйлестіреді, жас ғалымдардың конференцияларын, ғылыми іссапарларын ұйымдастыруда қажетті көмекті жоспарлайды және көрсетеді;
– жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
– қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді;
– қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы жас ғалымдарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
– жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың өзекті бағдарламалары мен ұсыныстары бойынша қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «ТМД-ның Үздік жас ғалымы – 2020»  зияткерлік конкурсының халықаралық кітап басылымы аясында полиция капитаны Қ. Монай «Үздік жас ғалым-2020» арнайы медалімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылғы ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша ІІМ Қарағанды академиясының жас ғалымдары арасында «Үздік жас ғалым-2022» номинациясы бойынша ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін полиция капитаны Қ. Монай марапатталды.

ЖҒжМК қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми проблемаларды әзірлеу және  ғылыми басты міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту болып табылады.

Слева на право: Шаухар Д.Қ., Монай Қ., Туткушев А.Е., Кабдрашит А.А. Шакаримова Г.М.

Кеңес отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.

01

2023
2022
2021
2020

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ