к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының анықтаушылары үшін квалификацияны көтеру курсы басталды

Сенбі, 19 Ақпан 2022

Қылмыс пен оқиғаларды зерттеуде ең күрделі бағыттардың бірі өрт бойынша анықтау болып табылады. Өрт – тілсіз жау, соңынан ешқандай із қалдырмайды. Анықтаушының міндеті – тәуліктің кез келген сағатында өрт орын алған жерге жетіп, себебін анықтап, оның тұтануына сеп болған кінәлілерді табу.

Жұмысты сапалы атқару – қылмыстық істі зерттеудің, өрт бойынша тексерістің оң нәтижесінің кілті. 2021 жылдың 20 қазанында ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктер бекіткен төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрылымындағы анықтау бөлімшелерін құрылымдау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының бірлескен жоспары аясында ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы квалификацияны көтеру және кадрларды қайта даярлау факультетінде (Теміртау қаласы) 2022 жылдың 14 ақпанында алғаш рет ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының анықтаушылары үшін квалификацияны көтеру курсы басталды.

Курс бағдарламасы жаңа теориялық білім жинауға, зерттеу кезінде қызметтік міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдылы машықты дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу процесі дәріс қалыбында, инновациялық білім технологияларын қолдана отырып семинарлық, тәжірибелік сабақ түрінде өтуде.

Квалификацияны көтеру курсы тәмамдалған соң тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі сертификат тапсырылады.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ