к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тақырыбында викторина өткізілді

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша жоғары оқу орындары арасында «Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында викторина өткізілді.

Викторинаға 4 команда: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Көшпенділердің ұрпақтары», «Орда» атты командалары, Қарағанды медициналық университетінің «Алаш» командасы, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Қозыбасы» атты командасы қатысты.

Викторинаның мақсаты Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуына арналған тақырыптар бойынша білімді жинақтау және жүйелеу болды.

Табанды және адал күрестің нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады! 1 дәрежелі дипломмен «Қозыбасы» командасы марапатталды. 2 дәрежелі дипломды «Орда» командасы иеленсе, 3 дәрежелі дипломды «Алаш» командасы қоржынына салды.

Сондай-ақ, 4 – орынға ие болғаны үшін «Көшпенділердің ұрпақтары» командасының қатысушылары және викторинаға қатысушы командалардың ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне көрсеткен белсенділігі мен білімі үшін алғыс айтамыз! Бұдан әрі де нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ