к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Руслан Мұқановты еске алуға арналған халықаралық турнир

Сейсенбі, 21 Желтоқсан 2021

Жақында Алматы қаласында әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановты еске алуға арналған ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Руслан ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебінің тәрбиеленушісі болған, оқытушылық қызметін де осы жерде жауынгерлік және дене шынықтыру кафедрасынан бастаған. Ол ережесіз жекпе-жектен ҚР чемпионаттарының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ал, 2001 жылы спорттың осы түрінен әлем чемпионы атанды. 2009 жылы Руслан опат болды.

Сол уақыттан бүгінге дейін елімізде полиция майоры Мұқановты еске алуға арналған спорт шаралары ұйымдастырылады. Бұл жолы турнир ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өтті. Оған 19 команда қатысып, біздің Қарағанды Академиясы жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Бірінші курс курсанты, қатардағы полицей Нұрасыл Қалиқанов ережесіз жекпе-жектегі үздік техникасы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталғанын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, 3 курс курсанты, қатардағы полицей Асылбек Маханбет 90 келі салмақта екінші орынға көтерілді.

Алматы төрінде абыроймен атой салған дене шынықтыру кафедрасының ұстаздары мен курсанттарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ