к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты»

Бейсенбі, 1 Қазан 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.

Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыружәне адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясында КДФ-нің 1-курс курсанттарына «Адалдық сағаты» аясында Astana International Exchange Басқару мүшесі – Ренат Бектуровтың бейне дәрісі көрсетілді.

Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға – Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.

Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», – деді.

Бейне-дәріс барысында көрермендер сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.

Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Осылайша, Ренат Бектұров академия курсанттары үшін заманауи және табысты жас көшбасшының жарқын мысалы болды.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ