Докторантура

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

             Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 8D12301 "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының докторантурасына қабылданған қызметкерлерге оқу уақытында оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқарылмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы белгіленеді.

Орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының докторанттарына тиісті олар оқуға түскенге дейін атқарған штаттық лауазымдарға сәйкес арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі; білім беру ұйымдарын, докторантураны бітіргеннен кейін - кезекті арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық шендер қызметкерлер оқу аяқталғаннан кейін тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес келген кезде беріледі.

 Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының докторантурасына түсетін қызметкерлерге түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге дейін ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.

             Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын PhD докторанты үшін міндетті шарт оқу аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде бөліністе (оқуға жіберген) жұмыс істеу болып табылады.

            Оқуды аяқтағаннан кейін PhD докторанты оқуға жіберілгенге дейін атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

            PhD  докторантурасына оқуға үміткерлер оқуға түсетін жылдың 1 маусымына дейін өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді, қажетті құжаттарды ресімдейді және  PhD  докторантурасына оқуға жіберу үшін қызмет орны бойынша іріктеу комиссияларынан өтеді.

ІІМ жоғары оқу орындарының PhD  докторантурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
            ІІМ жоғары оқу орындарының PhD  докторантурасына түсу емтихандары жыл сайын 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін өткізіледі.

  ІІМ жоғары оқу орындарының PhD  докторантурасына оқуға түсетін оқуға үміткерлер:
            1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) емтихандарын тапсырады немесе немесе шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады;

2) мамандық бойынша емтихан тапсырады. 

            ІІМ жоғары оқу орындарының PhD  докторантурасына қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға үміткерлер қабылданады.

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға үміткерлерге бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях