Бакалавр

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

- Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша 6В12301 "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).
- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi;
- түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;

- оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.

КАК ПОСТУПИТЬ

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

Оқуға түсетін жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгіну немесе тікелей қабылдау сілтемесі бойынша Академияның сайтына кіру қажет.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2019 жылғы 10 наурыздан 10 мамырға дейін тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындары базасында. ҰБТ ағымдағы жылғы 25 маусым - 5 шілде аралығында өткізіледі.
"Құқық қорғау қызметі" білім беру бағдарламасы бойынша бейінді пәндер - Дүниежүзі тарихы + Адам. Қоғам. Құқық.
Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан кем емес, оның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем емес балл жинау қажет.
Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.

 

ІІМ арнаулы оқу орындарына үміткерлер үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

     
     Ұлдар


Тест атауы

Баға

үздік

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру ( сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек)

12.30

13.0

14.0

3.

биік белтемірге тартылу (саны)

13

11

9

     Қыздар


Тест атауы

Баға

үздік

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

 1000 метрге жүгіру (мин/сек)

4,40

5,0

5,2

3.

1 минут ішінде кешенді күштік жаттығулар (арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, кеудені көтеру (30 сек.);
жатқан қалпында қолдарды созу, бүгу (30 сек.) (саны)

34

30

26

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях