к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Курсанттардың жатақханасы

КУРСАНТТАРДЫҢ ЖАТАҚХАНАСЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов Қарағанды академиясының аумағында 1000 төсек-орынға арналған екі 5 қабатты жатақхана ғимараты бар. Курсанттар оқу кезеңінде жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, әйел курсанттар бірінші курстан бастап жатақханада тұрады.

Курсанттардың жатақханасында тұру және мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған.

Жатақхананың 1-қабатында орналасқан:

1. курс бастығының кабинеті,

2. курс бастығы орынбасарларының кабинеті,

3. БОР бойынша сабақтар өткізуге қажетті арнайы құралдарды сақтау бөлмесі.

4. жиһазбен, теледидармен, музыкалық аспаптармен, үстелдермен, орындықтармен, қажетті көрнекі үгіт-насихат стендтерімен ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі. Бөлмеде курсанттар кеңесінің, кіші командирлер кеңесінің жиналыстары өткізіледі. Мұнда курсанттар бос уақытында теледидар көреді, үстел ойындарын ойнайды, газет оқиды.

2, 3, 4, 5-қабаттар – тұрғын үй-жайлар.

Жатақхананың әр қабатында екі взвод, шамамен 50-55 курсант тұрады. Курсант үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 32 жатақхана бөлмесі бар. Әр бөлмеде 6-7 курсант тұрады.

Әр қабатта айнасы бар қолжуғыштар, себезгі және дәретхана бөлмелері, қосымша өзін-өзі дайындауға және теледидарды көруге арналған холл бар.

Әр бөлмеде курсантта төсек, отырғыш, кішкентай аласа шкаф бар.

1-қабатта арнайы бөлме орналасқан, онда тәуліктік нарядқа түсетін курсанттарға нұсқама жүргізіледі. Бөлме қажетті стендтермен және жиһазбен жабдықталған.

Жатақхананың жертөле үй-жайында қосымша дәретхана бөлмесі, қол жуғыштар, себезгі бөлмесі, тренажер залы, курсанттардың жеке заттарын сақтауға арналған екі бөлме және шаруашылық мүкәммалын сақтауға арналған үй-жай бар.

Барлық үй-жайлар электрмен және сумен, сондай-ақ жылумен қамтамасыз етілген, бұл академияның жеке құрамының өмірі мен тұрмысының қазіргі заманғы талаптарына толық жауап береді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ