Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

  • Оқылды 863 рет

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы
Қарағанды академиясының
ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі туралы
АҚПАРАТ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі Ішкі істер министрлігінің тіл және ақпараттық саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлім мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының орындалуын бақылайды; Академия қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқып-үйрету бойынша жұмысты ұйымдастырады, талдайды және бақылайды; мемлекеттік тілдің Академиядағы іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз етеді. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Академияда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Бөлім аударма бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылған, Академияның бөліністері дайындаған құжаттардың мәтіндерін редакциялайды және түзетеді; қызмет бағыты бойынша Академия бөліністеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді; мемлекеттік тілді оқыту және нормативтік құжаттарды аудару жөніндегі жұмыстардың нысандары мен әдістерін әзірлейді және жетілдіреді, көрсетілген бағыттар бойынша озық тәжірибелерді Академияның құрылымдық бөліністері арасында таратады; атқарылатын қызмет мәселелері бойынша басқа құқық қорғау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.

Байланыс телефондары: 8(7212)30-33-92, 30-34-05

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях