Жалпы кітапхана

  • Оқылды 1571 рет

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы кітапханасының тарихы 1969 жылы Алматы күндізгі-сырттай оқу факультеті сыйлаған кітаптар негізінде ІІМ жоғары мектебін құрумен бір мезгілде басталды. Кітап қоры 20000 баспа бірлігін құрады.Бұл жылдары кітапханада 5 қызметкер жұмыс істеді. Кітапхана шағын бөлмеде орналасты.Қысқа мерзімде мектеп басшылары, кітапхана қызметкерлері кітап қорының жинақталуына үлкен жұмыстар жүргізді. Москва, Ленинград, Харковь, Казань және басқа да қалалардың университеттерінің ғылыми кітапханаларының (алмасу) айырбастаушы-дублетті қорларынан заң ғылымдарының оқулықтары және ғылыми әдебиеттері, мемлекет және құқық мерзімді басылымдары түсті. Көптеп түскен әдебиеттердің ішінен XVII, XVIII және XIX ғғ. басылып шыққан кітаптар таңдалып алынды. Мектептің алғашқы үш жылы ішінде кітапхана қоры үш есе өсті. Кітапхананың алғашқы меңгерушілері:М.К. Бахретдинова, Т.А. Казакова және Г.М.Семенова кітап қорын құруға көп уақыт пен күш бөлді. Қорды заң әдебиеттерімен толықтыру үшін ІІМ жүйесінің барлық жоғары мектептерімен және еліміздің университеттерімен байланыс орнатылды. Мақсатты түрде кітапалмасу үшін Томскден, Иркутскден, Саратовтан, Киевтен, Минскден және т.б. кітапханаға заң кітаптары түсті. Жыл сайын кітапхана қорына 20 мыңнан 25 мың томдарға дейін басылымдар түсті. Басылымдардың толықтырылуының және дәлелді тапсырыстар екендігін мектеп бастығы ішкі қызметтер генерал-майоры Бейсенов Бәрімбек Сәрсенұлы өзі жеке бақылады.

1972 жылдан бастап 1982 жылға дейін кітапхананыны Галина Михайловна Семенова басқарды. Оның бастамасымен жоспарлы түрде кітапхана үдерістері ұйымдастырылды – каталогтер мен картотекалар құрастырылып, библиографиялық жұмыстар дами бастады. 1973 жылы маңызды өзгерістер болып, мектеп Пришахтинсктен жаңа ғимаратқа көшті. Кітапханаға әкімшілік корпустан аумағы 670 шаршы метр бөлме беріледі, онда абонемент және оқу мен ғылыми әдебиеттер кітап қорлары қоймасы орналасады. Оқу корпусуның екінші қабатында курсанттар мен оқытушыларға арналған оқу залы мен кітап қорын өңдеу бөлімдері жайғасады.

Кітапхана дамуына Лидия Михайловна Воронина елеулі үлес қосты. Ол 1972 жылдан 2003 жылға дейін, алдымен кітапханашы, содан кейін 1982 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. Л. М. Воронина жоғары кәсіби деңгейде жұмыс жасады. Оның еңбегі шығармашылық ізденіс, кітапхана және әкімшілік қызметте жаңашылдық болып табылады.

Жаңа ғимаратқа көшкеннен он жыл өткеннен кейін кітапхана қоры үшін тығыз болғандықтан, мектеп басшылығы кітапхана үшін жеке ғимарат салуды шешті. Ұлғайып келе жатқан қор жеке алаңды және кітапхана штатының ұлғаюын талап етті. 1984 жылы кітапхана қоныс тойын тойлады, өз билігіне екі кітап қорлар қоймасы, екі кітап беру кафедрасы бар абонемент, 172 орындық курсанттарға арналған үлкен ашық оқу залын алған. Л. М. Воронинаны Үмбетбаева Г.З. меңгерушісі лауазымында ауыстырды, ол 2003 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеді.

obsh bib 2

2006 жылы 12 жыл әдіскер болып, әдістемелік басшылық және кітапхана жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырып жүрген кітапхана басшылығы Людмила Борисовна Пищулинаға берілді. 2010 жылы жалпы кітапхананың барлық бөлімдерін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес толық қайта құру және қайта жабдықтау жүзеге асырылды: жеке компьютерлермен жабдықталған медиатекасы бар оқу залын құру; құжаттарды цифрлау секторын құру; кітапхананың барлық бөлімдерін жаңа компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, арнайы жиһазбен жарақтандыру. Кітапхана біртіндеп оқу кітапханасынан ғылыми кітапханаға айналды, материалдық база өсіп, нығайтылды. Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету формасы өзгерді, басқа да жұмыс түрлері жетілдірілді.

Қазіргі уақытта кітапхана қорында 300 мыңнан астам ғылыми, арнайы және көркем әдебиеттеренінен жинақталған сақтау бірлігі бар. Кітапхана қоры 50 % - ға оқу әдебиетінен тұрады; қордың 30 % - ын ғылыми заң әдебиеті құрайды, 10 % - ын қоғамдық-гуманитарлық, 8% - ын көркем әдебиет құрайды, қордың қалған бөлігін білімнің түрлі салалары бойынша кітаптар мен мерзімді басылымдар құрайды. Біздің кітапхананың ерекше құндылығы «Сирек қор» болып табылады, онда 1930 жылға дейін жарық көрген әдебиеттер жинақталған. Бұл кітаптар өзінің көркем және полиграфиялық орындалуы бойынша көрнекті. Мұнда 1832, 1863, 1893, 1902 жылдардағы басылымдар жинақталған. Барлығы 1967 атау. Кітапхана қорында ерекше қатарды ІІО жоғарғы оқу орындарының және біздің академия оқытушыларының басылымдары құрайды – олар ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жинақтары, оқулықтары және оқу құралдары, заң пәндерінен диссертация авторефераттары.Қазақстан, ТМД елдері классиктерінің және шетелдік авторлардың көркем әдебиет қоры жинақталған.

Кітап қорымен қатар мерзімді басылымдар қоры да жинақталды – олар мемлекет және орыс тілдерінде  жылдық газет тігінділері, әртүрлі «Бюллетендер...», «Хабаршылар...», ғылыми, заңдық, көркем және басқа да журналдар. Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарына 220-дан астам мерзімді басылымдарды ұсынады. Бүгінгі күні кітапхана соңғы оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік беретін мерзімді басылымдардың 145-ге жуық атауын жазып алады.

Кітапхана қызметін 2500-ден астам оқырман пайдаланады. Күн сайын 500-ге жуық адамға қызмет көрсетіледі. Кітапхана қоры жоғары оқу орнынан тыс, сондай-ақ өзінің баспаханасында басылып шығарылған, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді сатып алу арқылы үнемі толықтырылып отырады.

Кітапхананың бүкіл қоры кітапхана каталогтарында көрсетілген, оларды жоғары білімді өз ісіне жауапты мамандар жинақтаған. Кітапханада келесі каталогтар бар: алфавитті-қызметтік, алфавитті оқырмандар, жүйелі, сонымен қатар мақалалардың жүйелі картотекасы.

Жаңа ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы байланысты кітапхана мамандарына дәстүрлі каталогтар мен картотекалардан электронды каталогты құруға көшуге көмектесті.

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру кітапхана компьютеріне арнайы бағдарламасы «Кітапхана 4.02» орнатылған кезде, 1998 жылдан басталды және сол кезден бастап «Кітап» электронды каталогтар және электронды мақалалар картотекасын құру жұмыстары жүргізілді.

Академияда заманауи ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру үшін 2012 жылдан бастап кітапханада «ИРБИС-64» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе енгізілді. Бұл бағдарламаның негізінде кітапханада барлық технологиялық үдерістер жүзеге асырылады.Қазіргі кезде кітапханада 11 дербес компьютерден тұратын жергілікті компьютерлік кітапханалық желімен қамтамасыз етілген. «ИРБИС-64» платформасында 7 мәліметтер базасы - «Кітаптар», «Мерзімдік басылымдар», «Электрондық ресурстар», «Сирек кітаптар», «ҚА ПОҚ еңбектері», «Авторефераттар мен диссертациялар», «Дипломдық жұмыстар» жұмыс істейді. Электрондықкаталогтің дектер базасында 163525 жазба бар.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен оқу құралдары мен анықтамалық басылымдардың электрондық нұсқалары кеңінен таралып келеді. Толық мәтінді деректер базасын енгізу электрондық құжаттардың мәтіндерін жүйелеп сақтауды және іздестіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Электрондық ресурстар қоры 2000 жылдан қалыптаса бастады, ал 2011 жылдан бастап құжаттарды цифрлау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл электрондық қор негізінде «Электрондық ресурстар» және «ҚА ПОҚ еңбектері» толық мәтінді деректер базасы кұрастырылып жатыр. Қазіргі кезде электрондық кітапхана қоры қалыптасуда. Бұл электрондық ресурстар қорында 1500 атау, 2500 дана электрондық тасымалдағыштағы кітаптар бар.

Кітапхана компьютерлермен, көбейту техникасымен жабдықталған. Пайдаланушыларға арналған оқырмандар залы қазіргі заманның талаптарына сай, 24 автоматтандырылған жұмыс орны жасақталған, олардың әрқайсысы кітапхана серверіне, академияның жергілікті желісіне, Интернет желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың аумағы 1370 шаршы метр, оның ішінде негізгі кітап қорлар қоймасының алаңы 635 шаршы метр орын алады. Кітапхана құрылымы бес жұмыс бөлімнен тұрады:

  • Құжаттармен толықтыру және ғылыми өңдеу бөлімі;
  • Ақпаратты-библиографиялық бөлімі мен құжаттарды цифрлау секторы;
  • Ғылыми және оқу әдебиетер абонементі;
  • Көркем әдебиеттер абонементі;
  • Медиатекасы бар оқырмандар залы.

Кітапхана жұмысы туралы айта келе, оның қалыптасуы мен дамуында елеулі із қалдырған адамдар туралы айтпауға болмайды. Академия кітапханасында көп жыл бойы жұмыс істеген қызметкерлерді үлкен құрмет сезімімен еске түсіргім келеді. Кітапхана меңгерушілері - М.К. Бахретдинова, Т.А. Казакова, Г.М. Семенова, Л.М. Воронина, Г.З. Үмбетбаева, Л.Б. Пищулина. Алғашқы жылдары еңбек еткен аға кітапханашылар - Б.А. Елижанова, Г.И. Лаврикова, В.М. Малыгина, Г.П. Хван, Р.Г. Жукенова, К. Катипова, кітапханада 20 жылдан астам еңбек еткен аға библиограф Е.Я. Ряскова,жетекші кітапханашылар В.П. Мыскина, Л.С. Муликова, М.С. Моренко, Е.Н. Кучеренко, Г.С. Сейфуллина, О.М. Абдуллина. Оқырмандардың лайықты құрметіне ие болған, библиограф В.М. Никулина, жетекші кітапханашы З.А. Курбанова, кітапханашылар Е.Л. Фоменко, В.А. Ларина, С.У. Хайрлиева, С.М. Исабаева.

obsh bib 2

Қазіргі уақытта кітапхана ұжымында 12 маман еңбектенеді. Олар жауапты адамдар, тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар жоғары білікті мамандар – кітапхана меңгерушісі Ж.М. Симеева, аға кітапханашылар Н.В. Нечипоренко, Ж.Қ. Ільясова, З.О. Мұқашева, Н.П. Прокопова,Е.Н. Ващенко, кітапханашылар Г.З. Бәкірова, Ш.А. Қажыкәрімова, Г.Т. Серғазина, Л.Ю. Минина, Н.Н.Ордабаева, Н.Т. Лепесбаева. Олардың кәсіптік шеберліктері оқырмандар керекті тақырыптар бойынша әдебиеттер таңдағанда, кез келген анықтама бойынша талап еткен сұранысқа, пәндер бойынша әдебиеттерге тізімдер жасағанда көмектеседі. 

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях