Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі

  • Оқылды 1072 рет

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы
Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі академияның құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі академиядағы ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа қызметін жоспарлауды, үйлестіруді және бақылауды ұйым­дастыру, ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді редакциялық әзірлеу мен басып шығару мақсатында құрылды.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жұмысы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Рсепубликасы ІІМ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарына, сондай-ақ, ғылыми кеңесінің шешімдері мен академия бастығының бұйрықтарына, өкімдеріне сәйкес жүргізіледі.

ҒЗ және РБЖҰ бөлімінің міндеттері

  1. Академиядағы ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын жоспарлау, үйлестіру, бақылау және есебін жүргізу ;
  2. ҒЗЖ нәтижелерін заңнамаларда, құқық қорғау органдарының қызметінің іс-тәжірибесінде және оқу процесіне енгізу;
  3. Ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін шығару.

ҒЗ және РБЖҰ бөлімінің функциялары

  1. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысының жоспары және басылымдардың тақырыптық жоспарына академияның бөлімшелерінен тапсырыстарын жинау және талдау.
  2. Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысының жос­парларын қалыптастыру;
  3. Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысы жоспарларының орындалуын бақылау:
    – ағымдағы;
    – мерзімді, ғылыми кеңеске (ғылыми кеңестің жұмыс жоспарларына сәйкес), Академия бастығы жанындағы қажеттілікке қарай,
  4. Академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары жанындағы жедел кеңестерге материалдар дайындау үшін.
  5. Академия базасында профессор-оқытушылар құрамы мен курсантардың (студенттердің) ғылыми конференцияларын, семинарлар, дөңгелек үстелдер дайындау және өткізу.
  6. Академия бөліністеріне ҒЗжәнеТКЖ жоспарын жүзеге асыру және ғылыми құжаттамаларды ресімдеу үшін әдістемелік көмек көрсету.
  7. Қолжазбаларды баспаға редакциялық және корректорлық дайындау, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Хабаршы — Вестник журналының басып шығаруы.
  8. Академияның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерінің есебін жүргізу.
  9. Ақпараттық қамтамасыз етілетін қызметтер:
    – Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми-әдістемелік кеңесі (Қазақстан Республикасы ІІМ ҒӘК);
    – Редакциялық-баспа кеңесі (РБК);
    – Ғылыми жинақтардың редакциялық алқалары;
    – Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі (ЖҒ МК);
    – Курсантардың ғылыми қоғамының кеңесі (КҒҚК). Қазақстан Республикасы ІІМ жыл сайын өткізетін республикалық конкурстарға курсантардың ғылыми баяндамаларының дайындалуын бақылайды.
  10. Төмендегілердің ғылыми жұмыстарын үйлестіру мен бақылау:
    – Академияның бөліністері;
    – Жас ғалымдар мен мамандар кеңестерінің;
    – Курсантардың ғылыми қоғам кеңесінің.
  11. Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу.
  12. Бөлім ТМД және шетел елдерімен шығармашылық байланыста болады.

ҒЗ және РБЖҰ бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

  1. Бөлімге жалпы басшылықты академия бастығының (ғылыми жұмыс жөніндегі) орынбасары, тікелей басшылықты ҒЗ және РБЖҰ бөлімінің бастығы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің жұмысы академияның жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
  3. Бөлім өзінің жұмысы туралы өткен жылғы ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысының нәтижелерін талқылау кезінде ұсынып, жыл сайын ғылыми кеңесте есеп береді.
Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях