Кәсіби даярлық факультеті

КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

DSC 6281 2Кәсіби даярлық факультеті «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ішкі істер органдары үшін жоғары біліммен білікті кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының негізгі құрылымдық бөлінісі болып табылады.  

Кәсіби даярлық факультеті өзінің жұмысын Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары басқармасымен, Ғылыми және Оқу-әдістемелік кеңестермен, кафедралармен және Академияның бөлімдерімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады.   

Факультеттің міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындау бойынша жоғары білім берудің республикалық бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Факультеттің мақсаты – бұл Қазақстан  Республикасының құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті мамандарды дайындау.   

Кәсіби даярлық факультеті Академияның құрылымдық бөлінісі ретінде 1969 жылы КСРО ІІМ Мәскеу милиция жоғары мектебінің Алматы күндізгі-сырттай факультетінің базасында КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі құрылған күннен бастап институт кафедраларына, курстық буынға басшылықты жүзеге асырады.

Кәсіби даярлық факультетін әр жылдарда педагогикалық ғылымның өкілдері және құқық саласындағы жетекші ғалымдар басқарды: С.Б. Абулгазин, Р.А.Шәріпов, Ж.А. Шалабаев, Б.М. Құрманбаев, М.А. Арыстанбеков, А.А. Тәжіғұлов, Т.З.Аймағанбетов

Қазіргі таңда күндізгі оқыту факультетін з.ғ.к. доцент полиция полковнигі С.Е.Ералина басқарады.

DSC 6290 2

Факультетте «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу үдерісі ұйымдастырылған, осының негізінде ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және ІІО-ның жедел-криминалистикалық мамандандырулары бойынша оқу жұмыс жоспары әзірленді.  

Оқу жұмыс жоспарын құрастыруда практикалық бағытқа және оқылатын пәнге жүйелі қарауға басты назар аударылады.

Факультетте мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыруға жоғары деңгейде көңіл аударылады. Сондай-ақ кәсіби даярлық факультетінде оқып жүрген 38 оқу топтың ішінде 27 оқу тобы мемлекеттік тілде оқиды.

Факультетте оқу пәнін күшейтуді және курсанттардың үлгерімдерін арттыруды ынталандыратын шаралар жүйесі өңделіп, қолданылуда. «Үлгерімді бақылау туралы», «Оқу озаттар және Озаттар кеңесі туралы» ережелер әзірленді. Осы ережелерде ағымдағы және аралық аттестаттаудың барлық ережелері көрсетілді, яғни үлгерімді жоғарылату бойынша шаралар: оқу озаттарына «озат қосымшасы» беріледі, курсанттардың суреттері «Озаттар тақтасына» ілінеді, туғандарына алғыс хаттар жолданады және т.с.с., сонымен қатар үлгерімі төмен курсанттарға қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.

Ай сайын Академияның жалпы сапқа тұруында ең жақсы курсқа және топқа «Оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін» деген жалауша беріледі, сонымен қатар апта сайын жалпы сапта тұруда үлгерімнің және сабаққа қатысудың нәтижелері жарияланады.

Факультеттің жұмысы оқу жылына әзірленген Академияның негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылады.

Факультеттің негізгі міндеттеріне:

- заманауи ғылыми деңгейде мамандарды дайындау, оқыту және тәрбие үдерісін табиғи байланыстыру, орнықты арақатынас және түлектердің білікті мінездемесіне қойылатын талаптардың көлемінде таңдалған мамандық бойынша курсанттардың терең теориялық білім, практикалық дағды және шеберлік алуы болып табылады және олар:

- оқу үдерісіне оқытудың инновациялық технологиясын, заманауи техникалық оқу құралдарын енгізу;

- оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау;

- оқытудың (оқу) және курсанттардың өзіндік жұмысының өзара байланысы, курсанттарды оқу-зерттеу қызметіне үйрету, курсанттардың шығармашылық өзіндік жұмысына қажетті жағдайлар жасау;

- оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісінің жоғары деңгейдегі ұйымшылдығы және жоспарлығы;

- факультеттер, бөлімдер, кафедралар және өзге де Академияның қызметтері арасындағы қарым-қатынас болып табылады.

Кәсіби даярлық факультетінің негізгі функцияларына қатыстылар:

- курсанттардың ағымдағы үлгерімін, сабаққа қатысуын және өзіндік дайындығын бақылау;

- оқу үдерісінің барысы туралы ақпаратты жинау және өңдеу;

- межелік, аралық бақылауды, қорытынды аттестация және кәсібі практиканы жүзеге асыру және өткізу;

- білімді бақылаудың балдық-көрсеткіш жүйесі бойынша білім алатын курсанттардың жеке көрсеткішін анықтау;

- білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу (курсанттың оқу карточкасы, сынақ кітапшалары, жинақ ведомостары, емтихан ведомостары, үлгерім және сабаққа қатысу бойынша күнделікті және ай сайынғы мәліметтер);

- курсанттардың практикалық оқуын ұйымдастыру (оқу-танымдық практика, қосымша практика, тағылымдама), олардың қорытындыларын талдау және жинақтау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар және ұсынымдарды әзірлеу, Қазақстан Республикасы ІІМ практикалық органдарымен байланысты қамтамасыз ету;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу үдерісін қамтамасыз ететін кафедралардың қызметін, оқу жоспарларын және білім беру бағдарламаларын орындауды бақылау;

- аудиториялық-оқу сабақтарының негізгі түрлері: дәрістерге, семинарларға, практикалық сабақтарға және курсанттардың өзіндік дайындығына бақылау;

- Академияның басшылығымен курстардың жеке құрамының барлық кездесулеріне қатысу;

- кадрлар бөлімімен және тәрбие жұмысы бөлімімен жүргізілетін іс-шараларға қатысу;

-курсанттардың Қазақстан Республикасы ІІМ практикалық қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастыру;

- арнайы кафедралармен бірлесе отырып тағылымдаманың өткізілу нәтижелері бойынша курсанттардың әдістемелік конференцияларын ұйымдастырады, олармен ұсынылған практикалық материалды жинақтайды және курсанттардың оқу-зерттеу жұмысында пайдалану жөнінде ұсынымдар береді;

- оқытушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге ықпал етеді және т.б.

Курсанттардың жалпы мәдени деңгейін арттыру тәрбие жұмысында маңызды орын алады. Курс жетекшілері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тәрбие жұмыстарына, сонымен қатар мәдени-бұқаралық шараларға, курс басшылығымен ұйымдастырылған жиналыстарға қатысады және де бекітілген курстарда сабақ беретін оқытушылармен сұхбаттасады, кеңес беру көмегін ұйымдастырады.

Байланыс ақпараты:

полиция полковнигі С.Е. Ералина

Жұмыс тел.: 8/7212/303376,  E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях