Тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау жөніндегі орталығы 

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 
Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті
Тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау жөніндегі орталығы 

Аталған орталықстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы №897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған ЖОЛ КАРТАСЫНА сәйкес академияда 2019 жылы өткізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ҚР ІІМ 11.11.2019 ж. №975 Бұйрығына сәйкес құрылды. Орталық құрамы барлығы 5 штаттық қызметкерден, 1 бастық, 2 аға оқытушы-әдіскер, 2 оқытушы-әдіскерден тұрады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің Тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау жөніндегі орталығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26-наурыздағы №227 Бұйрығына сәйкес сол жылдың 20-мамырынан бастап 07-қарашасы аралығында тергеу желісі бойынша ІІО-ның орта басшы құрамдағы лауазымдарына алғаш рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлық курстары өткізілді.

Тергеу желісі бойынша өткізілетін алғашқы кәсіби даярлық курстарының 1-легі 2020 жылдың қаңтар-шілде айларын қамтиды.Сонымен қатар академия кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының қатыстырылуымен республика бойынша Полиция Департаменттерінің Тергеу бөлімдерінің тергеушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру және басқа лауазымдардан ауысып келген қызметкерлерді қайта даярлау курстарын өткізу Орталықтың басты мақсаты болып табылады. Осы уақытқа дейін Орталықта 60-тан астам тергеу бөлімдері қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау курстары өткізілді.

Тергеу бөлімшелерінің мамандарын даярлау жөніндегі орталық қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы №897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ III - тармағында (Кадрларды іріктеу және даярлау, ведомстволық білім беруді жаңғырту), 10 - тармақшасында (Полицейдің жаңа стандартын әзірлеу), 10.2 – тармақшасында (Полиция қызметкерінің (полицей стандарты) жеке және кәсіптік қасиеттеріне ұсынымдар (стандартты талаптар) дайындау), 12 – тармақшасында (Ішкі істер органдарына қызметке тек ІІМ оқу орындары (полиция академиялары) арқылы қабылдау жүйесін енгізу), 14 – тармақшасында (Арнайы бастапқы даярлықтың сапасын арттыру), 14.1 – тармақшасында (Арнайы бастапқы даярлықтан өту мерзімдерін оқыту бейініне (құқық қорғау мамандығына) байланысты 3-6 айға дейін ұзарту), 14.2 – тармақшасында (Арнайы бастапқы оқытудың жаңа тәсілдеріне сәйкес үлгілік жоспарлар мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту), оның ішінде тергеу желісі бойынша 6 айға дейін ұзарту, 14.3 – тармақшаларында (ІІМ ЖОО базасында бастапқы даярлық курстарын енгізу) қарастырылған тапсырмаларды орындауға бағытталған, сонымен қатар полиция бөліністерінің басқа да ұйымдық-штаттық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын атқаруда.

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях