Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті магистратураның және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жетілдіруді және функциялауды қамтамасыз етуді іске асыратын Академияның құрылымдық бөлінісі болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде күндізгі оқыту нысаны бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының магистратурасында дайындық екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. Ғылыми-педагогикалық магистратура.«7М12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі берілуімен оқу мерзімі 2 жыл жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің педагог және ғылыми қызметкерлерін даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асырады.
  1. Бейінді магистратура.«7М12302 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі берілуімен оқу мерзімі 1 жыл құқық қорғау органдарының басқарушы кадрларын тереңдетіп кәсіптік даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асырады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының докторантурасында «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу мерзімі 3 жыл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау іске асырылады. Философия докторларын (PhD) дайындау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі философия докторы (PhD) дәрежесі берілуімен, докторлық диссертацияны қорғауды қоса алғанда, докторанттың докторантураның білім беру бағдарламасын игеруі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы

 

ҚҰЛМҰХАНБЕТОВА Бибігүл Аманжолқызы – з.ғ.к., доцент, гуманитарлық ғылымдарының магистрі (Уорик университеті, Ұлыбритания), полиция полковнигі

Телефон: +7(7212) 30-35-20

Ғылыми-педагогикалық магистратура 

ҚАПАШЕВА Жұлдыз Сағдатқызы – оқытушы-әдіскер

 

Бейінді магистратура 

ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ Ботакөз – оқытушы-әдіскер

Докторантура

КОЗЛОВА Светлана Юрьевна – оқытушы-әдіскер

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің тарихы

2008 жылға дейін адъюнктура Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру жүйесінде ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудың негізгі нысандарының бірі болды. Адъюнктура ІІМ жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелеріне арналған ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудың негізгі нысандарының бірі. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне арналған ғылыми-педагогикалық кадрлар өз адъюнктурасы ашылғанға дейін КСРО ІІМ Мәскеу, Киев жоғары милиция мектептерінің адъюнктурасында дайындалды. Оған КСРО ІІМ ҚЖМ қызметкерлері қатарынан офицерлер жіберілетін. Алайда Қарағандыға барлығы қайтып келген жоқ.

Қазақстанның милиция жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, кадр құрамының тұрақтылығын сақтау мақсатында 1992 жылы 12.00.02, 12.00.08 және 12.00.09 мамандықтары бойынша жоғары оқу орнында күндізгі оқыту нысаны бойынша 10 адъюнкт және сырттай оқыту нысаны бойынша 10 адъюнкт қабылдаумен адъюнктура бөлімі ашылды.  

Адъюнктура бөлімінің бірінші бастығы ф.ғ.к., доцент Р.Р.Сәбитов болды. Аталған бөліністі әртүрлі уақытта пед.ғ.д., профессор Н.А.Мыңжанов, э.ғ.к., доцент Н.А.Лисова, з.ғ.д. И.П.Корякин, з.ғ.к., доцент О.Т.Сейтжанов басқарды. Қазіргі уақытта Академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады.

Адъюнктура бөлімі кезінде 250-ге жуық адам оқудан өтті, олардың жартысынан көбі диссертацияларын сәтті қорғады және ғылым кандидаттары атағына ие болды. Сонымен қатар ізденуші ретінде адъюнктура бөлімінде саны осыған шамалас адамдар даярлықтан өтті, олардың көбісі кандидаттық диссертацияларын қорғады. Олардың көбісі қазіргі уақытта заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарының жүйесінде жауапты мемлекеттік лауазымда қызмет атқарады, ғылым және педагогикалық қызметте қазақстандық көрнекті қайраткерлер болып табылады. 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде докторантура ашылды, оны Б.М.Нұрғалиев, А.Н.Ахпанов, Т.Е.Сәрсенбаев бітіріп, докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

2000 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының жанында диссертациялық кеңес ашылды. Осы кеңесте Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЗИ өзінің адъюнкттары және ізденушілері, сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының, Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институтының және басқа да жоғары оқу орындарының адъюнкттері және ізденушілері кандидаттық диссертацияларын қорғады.

1991 жылы алынған егемендік Қазақстан Республикасының алдына маңызды міндет қойды, яғни әлемдік қауымдастыққа кіру, отандық білім беру жүйесінің алдында болу – халықаралық білім беру кеңістігімен үйлестіру. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бірнеше кезеңі өткізілді, соңғы кезең жоғары кәсіби білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы болды: жоғары базалық білім (бакалавриат); жоғары арнайы білім; жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура).

Осыған байланысты 2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2004 жылы 13 сәуірдегі бұйрығы негізінде ішкі істер органдарын басқару кадрларының резервін даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтында магистратура бөлімі құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 23 шілдедегі бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасына білім беру қызметіне лицензия берілді. Магистратура бөлімінің бірінші бастығы — т. ғ. к. А.А.Тәжіғұлов болды. 2007 жылғы 5 наурыз — 2010 жылғы 20 тамыз аралығында магистратура бөлімін з.ғ.к. Ш.Қ.Құсайынов басқарды.

2010 жылғы 11 наурызда Қазақстанның Еуропалық жоғары білім беру (Болон процесі) аумағына кіруімен байланысты жоғары білім беруді қайта құрылымдау өткізілді: кадрларды даярлаудың үш сатылы үлгісі енгізілді: (бакалавриат -магистратура - PhD докторантура). Осылайша 2010 жылы қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының магистратура бөлімінің базасында докторантураның және магистратураның бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыратын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты құрылды.   

2010 жылғы 1 қараша — 2013 жылғы 19 наурыз аралығында Институттың бастығы з.ғ.д. И.П.Корякин болды. 2013 жылғы 19 наурыз – 2013 жылғы 11 қараша аралығында Институттың бастығы з.ғ.к., доцент А.М.Сайтбеков болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтын з.ғ.к., доцент А.У.Уметов басқарды.

Академияның құрылымындағы ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты 2019 жылдың қараша айында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті болып өзгертілді.  

Телефон
8-(7212)-30-34-05
Сенім телефоны:
8-(7212)-30-33-71
Email
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мы в соцсетях