к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

КарЛаг музейі

Дүйсенбі, 25 Қазан 2021

Казармалық өмірді түрлендіру үшін «куратор сағаты» аясында курсанттар кураторларымен бірге экскурсияға, киноға, қалалық іс-шараларға барып тұрады. Бұл жолы ІІО тарихи зерттеу жөніндегі орталықтың ғылыми қызметкері, полиция капитаны К.Монайдың жетекшілігімен 206 оқу тобының курсантарына Карлаг музейіне жол түсті. Өмірдегі жолын енді бастаған жастар бұл сапардың маңыздылығын, әр қабырғасы тарихтан сыр шерткен музей аурасының ауырлығын қайдан жете білсін?! Олар КарЛаг тарихымен мектеп қабырғасынан таныс, алайда, бұрынғы еңбекпен түзеу лагерінің топырағына келген жастар саяси қуғын-сүргін азабының ауыртпалығын жете сезінгендей болды.

Бұл экскурсия әр адамның санасына оңай соқпайды. Мұнда кезінде қазіргі музейдің орнындағы лагерден қалған артефактар сақталған. Лагерде танымал мәдениет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар жазасын өтеген. Сақталған сарғайған хаттардан бастап жазаға тартылғандарды азаптаған құралдарға дейін кешегі қаралы тарихтан сыр шертеді. Әсіресе, курсант қыздарға экускурсия тізгіншісінің «Мамочкино моласы» туралы тарқатқан әңгімесі ерекше әсер етті. Олар КарЛагта баудай қырылып, шағын атаусыз қорымдарға жерленген сәбилердің сақталған кереуеттерін көзбен көрді.

КарЛаг – тарихтағы таңба ғана емес, жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың трагедиясы және кейінгі ұрпақ оны жақсы білуі тиіс. Олардың міндеті – өткендегі қателіктерді есепке ала отырып, болашағы жарқын мемлекет құру.

КарЛаг музейі 2001 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан аумағында орын тепкен еңбекпен түзету лагерлерінде зардап шеккендерді есте сақтау мақсатында құрылған. ІІМ Қарағанды Академиясы Светлана Байнова бастаған музей басшылығына қонақжайлылығы және қызықты тарихи экскурсиясы үшін алғыс білдіреді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ