к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ІІМ орынбасары бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері ат басын бұрды

Дүйсенбі, 1 Қараша 2021

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына аталмыш оқу орнының 1989 жылғы түлегі, Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Қожаев бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері ат басын бұрды.

Депутаттардың мақсаты – ведомстволық оқу орнының жұмысымен танысып, Академияның тыңдаушылармен, магистрантарымен, докторанттарымен кездесу. Аталмыш іс-шара полицияның сервистік модель қызметіне турасында зор маңызға ие. Делегаттар ішкі істер органы жүйесінде орын алатын реформаларға сәйкес ведомствоаралық оқу орнының оқу процесінде күтілетін өзгерістерді талқылады.

Меймандар Ерлік және Еңбек даңқы музейін, магистранттар мен докторанттардың сабағы өтіп жатқан мәжіліс залын және ораторлық шеберлік залын аралап көрді. Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі «Каздрим» ведомствоаралық топтың шарасына қатысты.

Академия бастығы, генерал-майор Ақынқали Дәрменов меймандарды сот отырысы залындағы курсанттардың қылмыстық процесті өзек еткен сабағын да көрсетті. Халық қалаулылары курсанттарды оқытуда тәжірибелік сабақтардың маңыздылығы зор екенін, ал, Академияның заманауи жарақтандырылуы мен жоғары квалификациялы профессор-оқытушылар құрамы – Қазақстан полиция қызметінің лайықты кадрлық резерв даярлаудың кілті екенін баса айтты.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ