к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Діни экстремизмнің алдын алу

Бейсенбі, 14 Қазан 2021

13.10.2021 ж. Қарағанды академиясының оқытушылары, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік-конфессиялық саясат және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен  бірге кәсіби даярлық факультетінің 1 және 2 курс курсанттарына  кездесу өткізді.

Семинар жұмысына жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары философия докторы полиция майоры Д.К. Райбаев, кафедра доценті ф.ғ.к., з.ғ.м. полиция полковнигі А. А. Бейсеев, кафедраның аға оқытушысы з.ғ.м. полиция майоры А. А. Бекқожина қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері экстремистік қызметтің белгілері, мазмұны мен түрлері, қазіргі бейресми жастар бірлестіктерінің типологиясы, экстремистік уәждеме қаралды. Кафедра бастығының орынбасары полиция майоры Д.К. Райбаев заңнаманың жекелеген ережелерін қарап, экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің құқықтық негізін талдады. Кафедра доценті полиция полковнигі А.А. Бейсеев елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп ретінде экстремизм мен терроризмнің бар екенін аңықтап, дезинформацияға және қоғамдық сананы манипуляциялауға қарсы іс – қимылда медиа-және ақпараттық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.

Сөз сөйлеушілер жастар ортасында экстремистік және террористік көріністерге қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, жастардың ұлтына, дініне және адамның әлеуметтік жағдайына қарамастан толерантты дүниетанымды тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті. Семинар барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауап алды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ