к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Бүгін тағы бір кезекті оқу жылын аяқтай отырып

Жұма, 31 Желтоқсан 2021

Құрметті әріптестер!

Бүгін тағы бір кезекті оқу жылын аяқтай отырып, COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан біз оны жемісті тәмамдадық деп батыл айта аламын. Ең бірінші кезекте биылғы жыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 30 жыл, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына – 30 жыл, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл, айтулы қазақ ағартушысы, педагог әрі публицист Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл, сондай-ақ, біздің Академия үшін айтулы күн – біздің жоғары оқу орнына Ұлы Отан соғысының қатысушысы, құқық профессоры, әділет генерал-майоры, Қарағанды әскери мектебінің тұңғыш бастығы Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтың есімінің берілгеніне – 20 жыл сынды айшықты даталармен есте қалды. 

Қазіргі таңда біздің елімізде құқық қорғау саласында, оның ішінде ведомстволық білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасына талап күшейгендігімен байланыстырылып отырғаны сөзсіз. Азаматтардың қауіпсіздігін және мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерді мемлекет пен қоғамның мүддесіне тиімді шешуге қабілетті полиция қызметкерлері кадрлық корпусының жоғары кәсібилігіне байланысты. 

Уақыт талабын ескере отырып, Академия ұсынылған шараларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Білім процесіне, оқу негіздеріне шешімдерді жаңартты. Мұнда негізгі басымдық тәжірибеге, яғни, кадрды жіті іріктеуге, жаңа қалыптағы полиция қызметкерлерін даярлауда оқу әдістемесін жетілдіруге беріледі. 

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында Академияның қызметінің болашағы – 2020-2025 жылдарға арналған жоғарғы оқу орнын дамыту бойынша стратегия түзілген. Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың нұсқауын орындау мақсатында  заманауи талаптарды және қордаланған мәселелерді медицина, ақпараттық салада, меншікке, жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықты анықтау барысында туындаған мәселелер мен заманауи талаптарға сәйкес білім бағдарламасына жаңа 5 жаңа курс қосылды: теориялық оқу мен тәжірибелік даярлықты ұштастыру мақсатында оқытудың дуальдық қалыбы, когнитивтік қызметтерді дамыту шеңберінде «Процессуалдық құжаттарды толтыру бойынша жаттығу» арнайы курсы аясында оқытудың көптілді қалыбы енгізілді. 

Электрондық ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы жасалатын алаяқтыққа, ғаламтор алаяқтығына, қаржы пирамидаларына, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту үшін жаңа 6 білім бағдарламасы енгізілді. 

Қосымша бес техникалық-криминалистикалық рұқсат алу үшін криминалист мамандарды даярлау бойынша оқу жоспарына өзгерістер енгізілді.

Ақылы қызметтер жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен ҚР қаржылық мониторинг агенттігі арасында қол жеткен келісімге сәйкес, квалификацияны көтеру және кадрларды қайта даярлау факультетінде ҚР қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері үшін «Экономикалық қылмыстарды зерттеу тактикасы мен әдістері» санаты бойынша квалификацияны көтеру курсы өткізілуде. 

Академияның оқу процесін жаңғырту «Сандық академия» жобасын жүзеге асыру есебінен жүргізілуде (PLATONUS, кітапханалардың автоматтандырылған жүйесі, ИРБИС, EPDP, ИПГО электрондық жүйесі, ЕСЭДО, Е-айналымы, ЭЛМА электрондық құжат айналымы жүйесі, лазерлік тир, (IRIS, ARGUS, СЫЩИК, ТРИТОН және 102) сұранысқа ие нобайларды құру мәселесі жетілдірілуде.

 Қазақстан полициясының имиджін нығайту және халықаралық қатынас орнатуда өткен жылы онлайн, оффлайн форматта шетелдік халықаралық ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен кездесулер сәтті ұйымдастырылды. Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельманның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында жоғары технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әріптестік мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, ҚР Украинадағы елшілігінің қолдауымен өткен бейнеконференцияда Днепетровск мемлекеттік ішкі істер университетімен білім және ғылым саласында әріптестікті одан әрі дамытудың нақты қадамдары қаузалды. Америка Құрама Штаттары елшілігі делегациясының және Аризона штаты университеті өкілдерінің Академияға ресми сапары барысында бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және квалификацияны көтеру курстарының білім бағдарламаларын түзуге байланысты болашақтағы ынтымақтастық мәселесі сөз болды. 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің бағдарламасына сәйкес, квалификацияны көтеру және кадрларды қайта даярлау факультетінің (Теміртау қаласы) тұрғын ғимаратының 4 және 5 қабаттарына жөндеу жүргізілді. 

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың жеке қолдауымен Өзбекстан Республикасына сапар ұйымдастырылып, Өзбекстанның қоғамдық қауіпсіздік университетімен екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады. 

Тарихқа қатталатын жылы ғылыми шаралар да жемісті өтті. Академия бес халықаралық конференция өткізіп, 80-нен аса іс-шараларға қатысты. Оның ішінде 55 халықаралық конференция, 10 онлайн дәріс, 2 онлайн курс, 11 ЕҚӘҰ ұйымдастырған іс-шара, 7 дөңгелек үстел. 

Бүгінгі күні жоғары оқу орнымен білім және ғылым қызметі саласында әріптестік туралы 38-ден аса хаттама толтырылды. Академия құрамына 61 мемлекеттің 76 полиция мекемелерін біріктірген халыақаралық INTERPA полиция академиялары қауымдастығы атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. 2021 жылдың 11 қарашасында академия өкілдері INTERPA-ның 10 отырысына қатысты (Түркия, Анталья қаласы). 

ТМД мемлекеттері қатысушылары Ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарының әріптестік туралы хаттамасына сәйкес Қарағанды академиясы қауымдастық бақылаушысы болып табылады. Оның аясында алыс, жақын шет мемлекеттердің жетекші жоғарғы оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. 

Өткен 2021 жылды қорытындылай келе, жылдың сынаққа әрі драмалық оқиғаларға толы болғанын атап өткім келеді. Алайда, бірлігіміздің арқасында кездескен кедергілердің бәріне төтеп бердік, мұнда, әрине, ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегі орасан. Академия шеңберінде күнделікті міндеттерден бөлек, біздің оқу орнының даму жолы да айқындалды. Сондықтан біз күреске толы жылда өзіміздің ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерімізбен мақтана аламыз. 

Сөз соңында баршаңызды табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, ел мүддесі үшін еңбек ету жолында жеңіс тілеймін. Сіздердің шаңырақтарыңызда өзара құрмет, бір-біріңізге деген қолдау мен сүйіспершілік салтанат құратынына сенімдімін. Себебі, осы үш құндылық шаңырақтағы шаттықтың, еңбектегі табыстың негізі. 

Құрметпен,
Академия бастығы
А.Дәрменов.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ