к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Ардагерлері интернационалист-жауынгерлерді салтанатты құрмет

Сенбі, 20 Ақпан 2021

15 ақпанда Қарағанды ​​Академиясында Академия ардагерлері  интернационалист-жауынгерлерді салтанатты құрмет рәсімі өтті. Іс-шара – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанының 32 жылдығына орайластырылды.

Іс-шараға  Т.Б.Ахметов, А.Е.Кабдуев, Т.Т.Мұрынбаев секілді майдан кешіп, интернационалдық борышын өтеген Академия ардагерлері шақырылды. Сондай-ақ

салтанатты шараға Ауған соғысының ардагері Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Ж.Тоқтабековте шақырылды.

Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі О.Т.Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп ауған жауынгерлерін еліміздің тарихындағы айтулы күнмен құттықтады және олардың интернационалдық борышын өтеу Отанға қалай қызмет етудің жарқын мысалы екенін атап өтті.

Іс-шараны академияның Ардагер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі С.Р.Баймурзин ұсынылып, сол күндердегі оқиғаларға тарихи тізбе жүргізілді. Сондай-ақ, ұрыс қимылдары аяқталғаннан бері 32 жыл өткеннен кейін де біз сол күндері болған оқиғаларды есімізде сақтап, қаза тапқандарды еске алып, интернационалдық борышын абыроймен атқарған ардагерлерімізді мақтан тұтатынымыз айтылды.

Іс-шараға шақырылған ардагерлерге С.Р.Баймурзиннің эксклюзивті дизайны бойынша жасалған естелік кәдесыйларды салтанатты түрде табыстаумен аяқталды. Достар! Біздің курсанттар үшін Ауғанстандағы соғыс ардагерлері – Отанға шынайы қызмет етудің, әскери борышын өтеудің символы. Ауған жауынгерлеріне интернационалдық борышын өтеудегі ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтамыз!

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ