к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау

Жұма, 4 Наурыз 2022

Ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау

Өткен жыл Қарағанды академиясы мен ардагерлер кеңесі үшін оңайға соқпады. Саналы ғұмырын біздің жоғарғы оқу орнының дамуына сарп еткен ардагер, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарбек Рамазанұлы Баймурзин дүниеден озды.

Біздің алдымызда өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру жолында кейінгіге үлгі боларлық ардагерлер ұйымының жаңа басшысын сайлау міндеті тұрды.

Кеше академияда ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде төрағаны сайлау және ұйымның басқа да жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Іс-шара Сапарбек Рамазанұлын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Талқылау ұзаққа созылмады, офицерлер бірауыздан Айтбек Бектұрұлы Қаңбақовты сайлады. Полиция полковнигі Б.Қаңбақов оқу-саптық бөлімшелердің взводы командирінен бастап кадр бөлімі басшысына дейін көтерілді. Қарағанды академиясындағы еңбек өтілі 18 жылды құрайды. Ардагерлер мен әріптестері оның кадр жұмысындағы бай тәжірибесін, адами қасиеттерін, қоғамдық өмірдегі белсенділігін тілге тиек етті.

Жиын барысында жұмыс сәттері талқыланды. Ардагерлердің жалпы жиналысы наурыз айының соңына жоспарланды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ