к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Авторларға

Қолжазбаны безендіру бойынша авторларға арналған нұсқаулық

Басылымға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған құқықтану, құқық қорғау қызметі қызметкерлерді кәсіби даярлаудың өзекті проблемалары бойынша қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі мақалалар қабылданады. Жұмыстың мазмұны ғылыми жаңалық, теориялық және практикалық маңыздылық, логикалық баяндалу талаптарына сай болуы керек. Мақала кіріспе бөлімінен, проблема қоюдан, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұруы тиіс.

Журнал тоқсанына 1 рет жарияланады. Журналдың № 1 басылымына қосу үшін қолжазба 15 ақпанға дейін, № 2 — 15 мамырға дейін, № 3 — 15 тамызға дейін, № 4 — 15 қарашаға дейін қабылданады.

Басылымға арналған материалдар келесі талаптарды сақтай отырып, қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады:

  1. ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу коды);
  2. автордың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, кала, ел атауы — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
  3. автордың электрондық поштасы, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;
  4. мақала атауы — ортасында бас әріптермен — мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде;
  5. зерттеу тақырыбы мен мәнін көрсететін аннотация (80-100 сөз) — мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде;
  6. негізгі сөздер (мақаланың мазмұнын сипаттайтын және ақпараттық іздестіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін атау септігінде 8-10 сөз немесе сөз тіркестері) — мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде;
  7. мәтін Word редакторы, қаріп — Times New Roman, мөлшері — 14;
  8. беттер саны — 6–8-ге дейін (А4 форматында) аннотацияны санамағанда;
  9. арақашықтық — бір жарым (1,5);
  10. абзацтық шегініс — 1.25;
  11. жиектері: сол жақ жиегі — 3 см, оң жақ жиегі — 1 см, жоғарғы және төменгі жиектері — әрқайсысы 2 см;
  12. мақала атауы – ортасында бас әріптермен, мәтін бойынша сілтемелер тік жақшаларда дәйексөз беттерін көрсете отырып жазылады [1, 15]. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі-құжаттың соңында, мәтінде пайдалану тәртібі бойынша («Библиографиялық жазба, библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құру ережелері» МС 7.1 – 2003 сәйкес ресімделеді).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу кезінде Академия қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары немесе «Хабаршы — Вестник» журналына сілтемелерді міндетті түрде пайдалану қажет.

Жұмысқа мақала талқыланатын бөлініс отырысының хаттамасынан үзінді ұсынылады.

Мақаланың мазмұны, мақалада келтірілген нақты мәліметтердің, дәйеккөздердің, дереккөздердің шынайылығы үшін автор дербес жауапты.

Мақаланың мазмұнына, онда келтірілген нақты деректерге, дәйексөздерге, дерексөздерге жеке жауапкершілік авторға жүктеледі.

Әдеп нормалары мен ережелерді сақтау басылым процесінің барлық қатысушылары: авторлар, рецензенттер, редакциялық алқаның мүшелері және редакция қызметкерлері үшін міндетті.

Редакциялық алқа жариялауға ұсынылған материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Редакция талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қарастырмайды және жарияламайды.

Журналдың электрондық нұсқасын https://kpa.gov.kz/ru сайтынан көруге болады

Редакцияның мекенжайы:

100009, Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 124,
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы,
ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (803-кабинет)

E-mail: oniirir@kpa.gov.kz
факс: 8(721-2) 30-33-92,
тел. 8 (721-2) 30-34-12

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ