к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

6 сәуірде академиясында «Әйел-тергеуші» халықаралық ғылыми конференция өтеді

Сейсенбі, 5 Сәуір 2022

6 сәуірде ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында “Әйел-тергеуші: тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істерді тиімді зерттеудің факторлары” тақырыбында аралас форматта (онлайн, оффлайн) халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Күн тәртібінде әйел-тергеушілер қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық әдістері мен құралдары, тергеу амалдары өндірісіндегі инновациялық технологиялар, сотқа дейінгі өндірісті цифрландырудың заманауи тәсілдерін жетілдіру мәселелері қаралады. Сондай-ақ, спикерлер әйелдерге және кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы тұрмыстық, жыныстық зорлық-зомбылықты криминалистік зерттеуді қамсыздандыру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмысты зерттеудің психологиялық негіздері және әйел-тергеушінің эвристикалық қасиеті мәселелерін де талқылайды.

Халықаралық ғылыми конференцияға Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, министрдің орынбасары Сәкен Сәрсенов, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Сәуле Айтпаева, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚӘҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт, РФ Мәскеу зерттеу комитеті академиясының ректоры Бессонов Алексей Александрович және мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың, арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысам деушілерді 6 сәуір 9:00-де https://osce-org.zoom.us/j/97942248629 сілтеме арқылы қосылуға шақырамыз (жарамды сілтеме сторизда).

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ