к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Психологиялық қолдау қызметі

Идеологиялық жұмыс бөлімшесінде аға инспектор-психолог жұмыс жүргізеді, оның негізгі мақсаты оқу қызметіне қолайлы әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; курсанттардың кәсіби қалыптасуына және жеке өсуіне жәрдемдесу; курсанттың бейімделуіне тренинг сабақтарын өткізу; олардың психикалық денсаулығын қолдау және нығайту болып табылады; психологиялық қолдау көрсету – идеологиялық жұмыс бөлімшесі қызметкерлерінің, топ кураторларының, медициналық қызметтің және Академияның оқытушылық құрамының бірлескен қызметі негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сақтау мақсатында жеке тұлғаны дамыту.

Оқу жылы бойы Академия курсанттарымен жеке жұмыс жүзеге асырылады. Жеке мәселелер бойынша жеке кеңестер өткізіледі.

Депрессия (торығу) және кәсіби деформация жағдайындағы курсанттар мен қызметкерлерге, сондай-ақ бейімделу кезеңіндегі бірінші оқу жылының жас қызметкерлері мен курсанттарына ерекше көңіл бөлінеді. Осы санаттағы адамдармен жеке (әңгімелесу, кеңестер беру, психотерапия, релаксация) және топтық форматтағы кешенді психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жеке тәртіпте функционалды жағдайларды реттеу бойынша сабақтар өткізіледі (релаксация жаттығулары, өзін-өзі реттеу, тыныс алу жаттығулары).

Академия психологының қызметтік (оқу) ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру саласындағы әлеуметтік-психологиялық жұмысы қызметкерлер (курсанттар, тыңдаушылар) арасында ерікті негізде, қызметтік (оқу) ұжымдар арасында сауалнама түрінде әлеуметтік-психологиялық зерттеулер жүргізуді, Академия бөліністеріндегі психологиялық ахуалды зерделеуді, оны жақсарту, басқару стилі мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді білдіреді.

Сауалнамалардағы мәселелердің тақырыптары: қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыруға; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға; бөлініс қызметкерлерінің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалануға; қызметкерлердің басқарушылық құзыреттерін кәсіби дамытуға және жетілдіруге; қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын арттыруға, қызметтік жұмысты ұйымдастыруға, басқару процесін оңтайландыруға, бөліністердің тұтастығын арттыруға; проблемалық бөліністер мен қызметкерлерді анықтауға, ресми және бейресми қатынастардың құрылымын анықтауға

арналған; Академия бөліністеріндегі психологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.

Кәсіби-психологиялық дайындық аясында «Адамдар арасындағы қарым-қатынас», «ІІО жас қызметкерлерінің бейімделуі», «Қолайлы коммуникативтік қарым-қатынастың түрлері мен психологиялық әдістері», «ІІМ ЖОО курсанттарының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері», «Өмір үшін – өмір» тақырыптарында дәрістер оқылады»;

басты тақырыбы адамдардың өздеріне қол жұмсауының алдын алу болып табылатын әлеуметтік бейнероликтерді қарау ұйымдастырылады;

офлайн және онлайн режимде тренингтер өткізіледі, тақырыптары: «Ұжымды біріктіру. Топтағы эмоционалды қарым-қатынас»; «Психологиялық тұрақтылық. Қалай тұрақты болу керек»; «Қызметкерлерді ынталандыру»; «Болашаққа оң көзқарас».

Сонымен қатар отбасылық психотерапевтің қатысуымен тікелей эфирлер өткізіледі, курсанттарға арналған бейнематериалдар көрсетіледі, 1 курс курсанттары жас жауынгердің курсын өту кезеңінде бейімделуге бағытталған «ЖЖК қазынасы» тақырыбына квест ойынына қатысады.

Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және көліктегі ПД штабтарының бастықтарына және тергеу желісіне жетекшілік ететін ПД бастықтарының орынбасарларына арналған «Жанжалды жағдайларды басқару. Оларды шешу жолдары», «Көпшіліктің психологиясы және жаппай тәртіпсіздіктерге әсер етудің психологиялық құралдары» тақырыбында кәсіби қызмет ету барысында төтенше жағдайларға психологиялық дайындық бойынша сабақтар өткізіледі.

Кәсіби даярлық факультетінің курсанттарымен, сондай-ақ қызметкерлермен ұжымдарда аутоагрессивтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында торығуға төзімділікті қалыптастыруға, эмоцияларды бақылауға және қақтығыстарда сындарлы зерттеуді үйретуге бағытталған дәрістер, әңгімелер тұрақты негізде өткізіледі.

Сонымен қатар, психологтар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің курсанттары мен тыңдаушыларына, Теміртау қаласы оқу орталығының кадрлары мен тыңдаушыларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетіне, сондай-ақ абитуренттік жиын кезеңінде оқуға үміткерлерге психологиялық қолдау көрсетеді.

Академияда психологиялық жұмысты ұйымдастыру үшін бар:

– 2 компьютермен, 2 шкафпен және сейфпен жабдықталған жұмыс кабинеті;

– жұмсақ жиһазбен, аудио және бейнеаппаратурамен, массаж жабдығымен жабдықталған психоэмоциялық жеңілдету кабинеті (жеке және топтық сабақтар, тренингтер, релаксация сеанстары, психологиялық түзету іс-шаралар өткізу үшін).

Сіз психологтан жеке кеңес алу үшін 1 оқу корпусының 1-қабатындағы акт залының фойесінде орналасқан психологтың кабинетіне жүгіне аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Егер сіз өзіңіздің және басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған күйде болсаңыз, сенім телефонына қоңырау шалыңыз.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ