к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында тақырыбында семинар-кеңес өтті

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2020

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! 2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында қабылданған заңнамалық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Еске сала кетейік. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңнаманың жекелеген аспектілерін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларды іске асыру нәтижесі ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын әзірлеу болды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Тергеу департаментінің қызметкері Д. Шайкенова және Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Е. Қалиақпаров баяндама жасады.

Санитарлық нормаларды қатаң сақтау семинар-кеңестің жұмысын екі форматта ұйымдастыруды міндеттеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен спикерлері әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтай отырып, Академияның конференц-залында орналасты. Іс-шараға қатысушылар-тергеу желісіне жетекшілік ететін Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттары өздерінің жұмыс орындарында бола отырып, ZOOM платформасы арқылы қатысты .

Семинар-кеңес жұмысын Академия бастығы полиция полковнигі А.Д. Дәрменов ашып, қатысушыларды құттықтап, іс-шара тақырыбының өзектілігін атап өтті.

Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар іс-шараның мақсаты Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қабылданған заңнамалық актілердің орталық ережелерін түсіндіру екенін атап өтті.

Іс-шара барысында баяндамашылар қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді түсіндірді. Айта кетейік, бұл өзгерістер келесі жылдың басында күшіне енеді.

Ал 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап өкілеттіктерін нақты бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу жоспарланған. Бұл туралы толығырақ біздің алдыңғы жазбаларымызда көрсеткен болатынбыз.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату; қылмыстардың осы санатына жататын қылмыстар шеңберін ұлғайту және т.б жоспарлануда.

Семинар-кеңес нәтижелі өтті және бұл мәселеде тек ІІО қызметкерлерінің ғана емес, ведомстволық ЖОО курсанттарының да хабардарлығын күшейтуге ықпал етті.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ