к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

2021 жылғы 11-12 маусымда ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов пен «Alma Tech» ЖШС маманы

Дүйсенбі, 14 Маусым 2021

2021 жылғы 11-12 маусымда ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов пен «Alma Tech» ЖШС маманы, «Образ 3.0» жобасының жетекшісі Ринат Ризвановпен кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің қолдауымен өтті. Анықтама үшін! «Образ 3.0» – бұл енгізілген фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы адамды, ол туралы ақпаратты табуға мүмкіндік беретін, автоматтандырылған ақпараттық-іздеу бағдарламасы. Деректер базасына қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатын және есепке алынған адамдар санатына жататын басқа да адамдар туралы мәліметтер (фотосуретпен бірге) енгізіледі. Кездесу аясында жүйе орнатылып, академияның жергілікті желісіне сәтті енгізілді. Оқу орнының криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін цифрлық өнімді көрсету, «Образ 3.0» ААІЖ пайдалану бойынша нұсқама беру және оқыту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, бағдарламаның жаңа құралдарын жасау және уақыт талаптарына сәйкес жүйені одан әрі жаңғырту бойынша: тыртықтардың, татуировкалардың фотосуреттері, сондай-ақ тұлғаның 3D бейнелері бойынша адамдарды іздеу шарттары келісілген. Сапар соңында ЖШС «Alma Tech» компаниясымен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл тілей отырып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ҚР ІІМ Қарағанды академиясы болашақ криминалистерді даярлауды жүзеге асыратындықтан, ЖОО үшін бұл бағдарлама практикаға бағдарланған сипатқа ие. Ақпараттық-іздестіру жүйесі курсанттарға Академия қабырғасында білім ала отырып, ғылыми-теориялық білімдерін кеңейтумен қатар, қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге, жетілдірілген құралдармен жұмысты игеруге және сол арқылы өзінің болашақ практикалық қызметінде мүмкін болатын қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ