к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жедел-криминалистикалық полигон

Практикалық бағытта білім беруді нығайту, ішкі істер органдары қызметінің пратикасына ғылыми-зерттеулердің нәтижелереін енгізу тиімділігін арттыру үшін, Қарағанды академиясының жанында жедел-криминалистикалық полигон мен қару және оқ-дәріден атыс жүргізу бойынша сұйық стационарлық «Спрут» оққаққышы жұмыс жасайды.

Жеке орналасқан екі қабатты жедел-криминалистикалық полигонда жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасы бойынша практикалық дағдыға баулитын, сондай-ақ ғылыми және оқу мақсатында қылмыстарды тергеп-тексерудің озық әдістерін зерделейтін сабақтар жүргізіледі. Жедел-криминалистикалық полигонның мүмкіншіліктерін қолдану барысында қылмыстардың жекелеген құрамдарын ашу мен тергеп-тексерудің жаңа әдістерін жасап шығаруға ерекше мән беріледі. Қоғамды жаппай цифровизациялау, халықтың компьютерлік сауаттылыққа үйрену деңгейінің арта түсуі информациялық технологиялардың көп жағдайда ауыр және аса ауыр қылмыстардың жасалуының құралы болып табылуына әкеп соқтыруда, атап айтқанда: тұрғын саласындағы алаяқтықтар, меншікке қарсы, сондай-ақ адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы жасалатын қылмыстар.

Жедел-криминалистикалық полигонның мақсаты ретінде келесілер табылады:

– кафедра пәндері бойынша білім алушыларға оқу, оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойыншат әдістемелік көмек көрсету;
– жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің практикалық дағдыларын бекіту және жетілдіру;
– білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру;
– тәжірибе алмасу және ішкі істер органдары бөліністері мен қызметтерінің жұмысын жетілдірудің ғылыми проблемаларын бірлесе отырып жасап шығару.

Жедел-криминалистикалық полигонның міндеттеріне келесілер кіреді:

– кафедраның профессорлық-оқытушы құрамына практикалық сабақтарды өткізуге дайындалу және оларды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде жүргізу кезінде қажетті сүйемелдеулер көрсету;
– білім алушылардың оқу материалдарын өз бетімен оқу барысына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
– оларға жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша практикалық білімнің қажетті көлемін беру;
– оқу процесінде тергеу және жедел-криминалистикалық бөліністері жұмыстарының тәжірибелерін жинақтау және қолдану;
– кәсіби дағдыларды белсенді түрде қалыптастыру үшін білім берудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдануды көтермелеу.

Жедел-криминалистикалық полигонның құрылымына 8 объект кіреді: «Тұрғылықты бөлме», «Тергеушінің кабинеті», «Банк», «Туристік агенттігі», «Дүкен», «Оқу аудиториясы», «Оқытушының кабинеті», «Тану үшін көрсету жүргізуге арналған кабинет». Олар оқиға орнын қарап-тексерумен, тінту және алумен, ұстап алумен, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылаумен және басқа да тергеу әрекеттерімен байланысты практикалық сабақтарды өткізу үшін жекелеген жедел-тергеулік ситуацияларды орындауды имитациялайды.

«Тұрғылықты бөлме» кіреберістен, ас бөлмесінен, ванна бөлмесі мен жатын бөлмеден тұратын тұрғын бөлмені көрсетеді. Осы бөлмеде білім алушылар қылмыстың іздерін табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдерін, техникалық-криминалистикалық құралдарды қолдана отырып, оқиға орнын қарап-тексеру, тінту және алу тергеу әрекеттерін жүргізеді.

«Тергеушінің кабинеті», «Тану үшін көрсету жүргізуге арналған кабинет» объектілері жауап алу, беттестіру, адамды тану үшін көрсету секілді тергеу әрекеттерінің дағдыларына үйрету үшін қолданылады.

«Банк», «Туристік агенттігі» объектілері әртүрлі қаржы мекемелерінің бөлмелерінде жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеруді имитациялау үшін қолданылады. Білім алушылар материалдық объектілерді табу, бекіту және алу арқылы спецификалық объектілерді қарап-тексерудің дағдыларын үйренеді.

«Дүкен» объектісі азық-түлік және жалпы тұтыну тауарларын сатуға арналған бөлмелерде жасалатын қылмыстар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қолданылады.

«Оқу аудиториясы», «Оқытушының кабинеті» объектілері дәріс, семинар сабақтарын жүргізуге, оқу материалдарын конспектілеуге, процестік құжаттар толтыруға, нормативтік актілермен жұмыс ісутеуге және тағы басқаларға арналған.

Сұйық стационарлық «Спрут» оққаққышы Қарағанды академиясының ату тирінде орналасқанжәне баллистикалық зерттеу жүргізуге және өндірістік және қолдан жасалған қысқа ұңғылы қару үлгісіне және олардың патрондарына оқ пен гильзалардың із қалдырушы детальдарын анықтау мақсатында зерттеу жүргізуге арналған.

Оққаққыш оқгильзотека құру және қашықтықтан біртіндеп ату арқылы қаруды зерттеу үшін қолданылады және мұны академияда білім алушылар жүргізеді.

2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон
2.15. Оперативно-криминалистический полигон

01

error: Не получилось