к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы апта сайын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №м107 Заңында, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №м221-ІІ Заңында, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу тәртібі, азаматтарды қабылдау туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ 2017 жылғы 22 мамырдағы №м351 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Академия басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін бекітілген қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілінде олармен танысу үшін азаматтардың еркін қол жеткізуі қамтамасыз етілетін академияның бақылау-өткізу пунктінде ілініп қойылды.

Рет. ЛауазымыАты жөніҚабылдау күндері, сағаты
1.Академия бастығыДәрменов Ақынқали Дәуітбайұлыбейсенбі 1700 сағ. – 1900 сағ.
2.Академия бастығының орынбасарыҚалиев Сырымбет Кабдулиновичдүйсенбі 1600 сағ.– 1800 сағ
3.Академия бастығы орынбасарының міндетін атқарушыӘбеуов Еркін Төлепбергенұлысәрсенбі 1600 сағ. – 1800 сағ.
4.Академия бастығының орынбасарыСейтжанов Олжас Теміржанұлыбейсенбі 1600 сағ. – 1800 сағ.
5.Академия бастығының орынбасарыНамысов Ерлан Думановичжұма 1600 сағ.– 1800 сағ.
6.Академия бастығының көмекшісіТоқтабеков Серғали Жұмағұлұлыдүйсенбі 1600 сағ. – 1800  сағ.

Азаматтарды қабылдау кезекпен өткізіледі, ол үшін тізім құрылады. Ұлы Отан соғысына қатысқандар және соғысқа қатысқандарға жататын азаматтар кезексіз қабылданады.

Басшылыққа жеке қабылдауға жазылған азаматтар академиядағы жүргізілетін Жеке қабылдауды есепке алатын журналға тіркеп есепке алынады.

Қарағанды академиясы бастығына және орынбасарларына қабылдауына телефон арқылы алдын ала жазу үшін өкілетті қызметкерлер белгіленген:

  1. 8(7212) 30-33-95 – Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығына қабылдауына жазылу;
  2. 8(7212) 30-33-67 – академия бастығының орынбасарына ғылыми жұмысы бойынша қабылдауына жазылу;
  3. 8(7212) 30-34-25 – академия бастығы орынбасарының міндетін атқарушысына оқу жұмысы бойынша қабылдауына жазылу;
  4. 8(7212) 30-34-25 – академия бастығының көмекшісіне оқу-саптық сұрақтар бойынша қабылдауына жазылу.