к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Бос жұмыс орындары

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ

Құқық қорғау органдарының басшы құрам бос лауазымына жалпы конкурс өткізу туралы «Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» РММ-нің хабарландыруы

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

C-SVU-12 санаты үшін: санаты үшін: жоғары білім, оқытушы үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім

келесі құзыреттердің болуы: оқытылатын пән саласындағы арнайы (кәсіби) білім мен іскерліктер, оқыту процесін мұқият жоспарлау, ұйымдастырушылық және педагогикалық біліктер, оқыту процесін басқара білу және оны жүргізуді қамтамасыз ету. Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Лауазымдық жалақылары (теңге)

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
минималдымаксималды
C-SVU-12 98147,56132342,59

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 124, анықтама телефоны: 8 (7212) 30-33-64 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Оқытушы (C-SVU – 12, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Профессордың, доценттің немесе аға оқытушының басшылығымен өткізілетін сабақтар мен оқу жұмыстарының түрлері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу немесе әзірлеу, оқу сабақтарын әдістемелік және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жәнежоспарлау. Курсанттарда болашақ кәсіби қызметтің табыстылығын қамтамасыз ететін құзыреттіліктің негізгі құрамдастарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. Кафедраның зерттеубағыттарының тақырыптары шеңберінде ұйымдастырылатын семинарларға, кеңестер мен конференцияларға, кафедраның өзге де іс-шараларына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, жасы 35 жастан аспаған болуы тиіс. Мерзімді әскери қызмет өткерген ер адамдар, бойы кемінде 170 см. – ер адамдар.

Ескерту:  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 124, Кадр саясаты бөлімі 201-кабинет, анықтама телефоны: 8-(7212)-30-33-64.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Академияның кадр қызметіне келесідей құжаттарды тапсырады, олар құжаттар тігілетін мұқабаға салынып, қоса тіркелген құжаттар тізімін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау мерзімінде өз қолдарымен тапсырады:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Пб қызметке (оқуға) қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағы;
4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаян;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куә лігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қолда бар болса);
8) үміткердің соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме;
9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде шектік мәнінен төмен емес нәтижелері бар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификат (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды уәкілетті органда жеке басының қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелері) (болған кезде).

 Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда конкурстық комиссия оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссияның отырысына қадағалаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.         Қадағалаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiнісіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссияның шешiмiне шағымдана алады.

C-SVU-12 санаты үшін, бос лауазымға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

  1. үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу
  2. медициналық – жас топтарына байланысты денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру:
    –  ерлер үшін – турникте тартылу (неше рет тартылуды), 100 метрге жүгіру (сек.), 3000 метрге (мин., сек.) жүгіру,
    – әйелдер үшін – 60/100 метрге жүгіру (сек.), 1000 метрге (мин.сек.) жүгіру, күш жаттығулары кешені (1 минут ішінде неше рет орындады).
  3. Әңгімелесу.

100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 124, Кадр саясаты бөлімі 201-кабинет,
анықтама телефоны: 8-(7212)-30-33-64.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ