к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Құрылу тарихы

Құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 1969 жылы КСРО ІІМ Мәскеу жоғары милиция мектебінің Алматыдағы күндізгі-сырттай оқыту факультетінің базасында құрылды. Жоғары оқу орнының құрылуы – ішкі және сыртқы факторлармен негізделген дамудың заңды кезеңі. 40 жыл ішінде жоғары оқу орнында ішкі істер органдарының барлық бөліністері мен қызметтерінде табысты еңбек етіп жатқан 15000-нан аса жоғары білікті мамандар дайындалды. Академиядағы оқу ісі күндізгі, сырттай және сырттай-қысқарған нысандар бойынша жүзеге асырылады. Бұған қоса кәсіби тұрғыда оқыту зерттеу қызметімен үйлесе отырып, қылмыстылықпен күресті ұйымдастыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету аясындағы жаңа жетістіктерге негізделеді. Егер кабинеттер, полигондар, жаттығу кешендері құрылмаса және замануи техникамен қамтамасыз етілмесе, сонымен қатар оқытушылардың кәсіби шеберлігінсіз мұндай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмас та еді.

Мектептің негізін қалаушы және бірінші бастығы Ұлы Отан соғысына қатысушы әділет генерал-майоры құқық профессоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсенов болды. Б. Бейсеновтің сіңірген еңбегі ескеріліп, оған естелік ретінде 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтына оның аты берілді, ал 2005 жылғы 5 мамырда жоғары оқу орнының аумағында оған ескерткіш ашылды. Ол басшылық еткен жылдары материалдық-техникалық базасы мығым және жоғары білікті профессор-оқытушылар жеткілікті құрам қалыптастырылды. Бірінші бастығы болып 1985 жылға дейін осы лауазымда қызмет еткен әділет генерал-майоры, құқық профессоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсенов тағайындалды және өзінен кейін айтуға тұрарлық мол мұра қалдырды.

Б. Бейсенов Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгкерлік ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарімен марапатталды

Институттың қалыптасуы мен дамуына Қазақ КСР Ішкі істер министрі Ш.Қ.Қабылбаев орасан зор еңбек сіңірді.

1970 жылы милиция мектебінің алғашқы тыңдаушылары қабылданды. Оқу-сап бөліністерінің алғашқы бастықтары ішкі қызмет капитаны Ш. И. Макин, ішкі қызмет капитаны Б. Шайхимов, ішкі қызмет капитаны Н. И. Жермоленко болды. Жаңа кафедралар құрылды, арнайы курстар ашылды, айтарлықтай көлемде жаңа оқу құжаттарының, дәріс және басқа да әдістемелік материалдарды өңдеу қажеттілігі туындады.

Мектептің алғаш ашылған кезде басшы құрам қатарында 40 шақты адам болды. КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебі бастығының 1969 жылдың 1-қаңтарындағы бұйрығымен Қарағандыға А. Я. Гагарин, А. Т. Ащеулов, А. А. Атишев, В. А. Елеонский, Е. Ж. Жанәбілов, В. Д. Иванов, Л. Г. Литовченко, Ю. Д. Лившиц, К. Д. Мұхамедшин, Д. Н. Назарбаев, И. Д. Назаренко, З. И. Сарыбаев, Г. А. Шибанов, С. А. Колпаков, В. А. Владимиров, Л. В. Богненко, И. И. Пепелев, А. Я. Гинзбург, Б. Н. Куку, А. А. Шепель, П. В. Чечелева және басқалар жіберілді.

Осы бұйрықпен Қарағандыға күндізгі бөлімнің үш бағамы және сырттай бөлімнің төрт бағамы, сонымен қатар қосымша оқу бөлімі көшірілді.

Аталған тұлғалар барлық қиындықтарды жеңе отырып, қорғау органдары үшін мамандарды даярлау бойынша бірегей оқу орнын құрды. Жаңадан құрылған милиция мектебінің профессор-оқытушылар құрамына оқу ісін ұйымдастыру оңайға соқпады.  Соған қарамастан бірте-бірте тәжірибе жинақтала бастады, дәріс оқу, семинар және тәжірибелік сабақтар өткізу, тыңдаушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемелері одан әрі жетіле түсті. Мектептің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы құқық қорғау органдарындағы кәсіби даярлықтың мақсаты өзінің қызметінде жоғары кәсіпқойлықты дамыған адамгершілік құндылықтар мен азаматтық сенімділікпен үйлестіре білетін офицер тұлғасын қалыптастыру екендігін айқын түсіне білді.

Академияның профессор-оқытушылар құрамы жоғары ғылыми әлеуетімен ерекшеленеді. Оның қабырғасында ғылыми еңбектері республикамызда кең құрметке ие болған 12 доктор және сексен төрт ғылым кандитаты, профессорлар мен доценттер еңбек етуде. Академия Қазақстан Республикасындағы жетекші заң оқу орны болып табылады, сабақтарды жоғары білікті мамандар оқытудың озық әдістері мен нысандарын пайдалана отырып сапалы деңгейде жүргізуді қамтамасыз етеді. Жүйелі түрде заңнамалық және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, оқу және ғылыми қолжазбалар, диссертациялар мен авторефераттар рецензиялау бойынша жұмыс жүргізіледі. Академия қызметкерлері білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің маманданған кеңестерінің мүшелері болып табылады. Академиямыздың келесідей түлектері ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ие болды: А. Н. Ақпанов, Н. М. Әбдіров, Қ. Ә. Бәкішев, И. Ш. Борчашвили, С. И. Гирько, С. Е. Еркінов, О. В. Зайцев, М. Ч. Қоғамов, И. В. Корзун, М. О. Нүкенов, Б. М. Нұрғалиев, Е. А. Оңғарбаев, Т. Е. Сәрсенбаев, А. Смағұлов, В. Г. Татарян, Б. Х. Төлеубекова, Е. О. Түзелбаев, Қ. Ш. Ұқанов, Т. А. Ханов, А. Д. Шаймұханов және т. б. Институттың 25-дан астам түлегі генерал атағына ие болды. Олар — М. А. Аюбаев, Б. З. Байжасаров, Ж. С. Бакиев, Б. А. Бұлғақбаев, Гирько С. Н., Жалмұхам­бетов А. К., Душебаев К. А., С. Е. Еркінов, Жашибеков Г.-Х. Б., К. С. Жұмабаев, Р. А. Ыбыраимов, Б. И. Ысқақов, Ким Г. В., К. О. Қожахметов, Т. А. Күлібаев, М. О. Нүкенов, М. А. Нұриманов, П. К. Нокин, М. М. Оразалиев, Приходько Ю. В., М. А. Суталинов, С. В. Соколов, Е. Т. Тайжанов, М. А. Тұмарбеков, Р. Х. Өзбекғалиев және т. б. бар. Институт түлектері Қазақстан Республикасының ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында, соттарда, прокуратурада, адвокатурада және ТМД-ның басқа да елдерінде абыроймен қызмет атқаруда.

Бүгінде академияда акт, дәріс, оқу залдарының, оқу аудиторияларының, компьютерлік сыныптардың, оқу полигонының, зертханалардың, спорт залының және ашық спорт ғимараттарының, атыс тирлерінің қажетті санын қамтитын заманауи оқу-материалдық базасы бар. Барлық объектілер жоғары талаптарға жауап береді.

Тыңдаушылар 300000-нан астам кітап қоры бар кітапханаларды кеңінен пайдаланады. Тыңдаушылар сегіз жүз орынға арналған қазіргі заманғы асханада тамақтанады. Диплом алдындағы тәжірибесін тыңдаушылар таңдаған мамандануларына сәйкес ішкі істер органдарының бөліністерінде өтеді. Жоғары оқу орнында спорттың қызметтік-қолданбалы түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Тыңдаушылар құрама командалардың құрамында халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жыл сайын институтта спорттың әр түрі бойынша Спартакиада өтеді, еркін күрес, дзюдо, қоян-қолтық ұрысы, бокс, футбол және жеңіл атлетика бойынша спорт секциялары тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Кафедраларға қарасты ғылыми үйірмелер де өз жұмыстарын жалғастыруда. Институт тұрақты түрде жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, дөңгелек үстелдердің өтетін орнына айналып келеді.

Академия өмірінде запастағы полковник Ш. И. Макин басқаратын ардагерлер ұйымы маңызды орын алады. Ардагерлер өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерін жас мамандар мен тыңдаушыларға тынбай үйрете отырып, Ант қабылдау, алғашқы офицерлік погондардың берілу салтанатына, Полиция күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысады.

Академияның әрекет ету мерзімі шектелмеген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім аясындағы білім беру қызметін жүргізу құқығына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен 2002 жылғы 11 қаңтарда берілген мемлекеттік лицензиясы бар.

«021600 — Заңнату» мамандығы бойынша (оқыту нысаны күндізгі және сырттай), «521600 — Заңтану» мамандығы бойынша (оқыту нысаны күндізгі және сырттай) лицензия берілді (Қазақстан Республикасы БҒМ 2001 жылғы 3-тамыздағы №643  бұйрығы).

Бакалавриат мамандығы бойынша 050303 Құқық қорғау қызметі (Қазақстан Республикасы БҒМ 2004 жылғы 26-сәуірдегі №361  бұйрығы);

12.00.08. — қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық атқару құқығы; 12.00.09. — қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандықтары бойынша (Қазақстан Республикасы БҒМ 2001 жылғы 3-тамыздағы №643  бұйрығы);

Магистратура мамандығы бойынша 6N0303 Құқық қорғау қызметі(Қазақстан Республикасы БҒМ 2004 жылғы 23-шілдегі №642  бұйрығы) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру лицензиясы берілді.

1992 жылы Қарағанды жоғары мектебі Қазақстан Республикасы ІІМ қарамағына көшті. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18-желтоқсандағы өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22-мамырдағы № 628 қаулысын орындау мақсатында Қарағанды жоғары мектебі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының жүйесіне берілді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5-арашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15-қарашадағы № 1589 81 «с» қаулысын орындау мақсатында мектеп Қазақстан Республикасының ҰҚК қарауына көшті. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 6-мамырдағы Жарлығына сәйкес мектеп қайтадан Қазақстан Республикасының ІІМ органдарының жүйесіне берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 1427 қаулысымен ЖОО Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты болып қайта құрылды.

Әр жылдар ағымында оқу орны өз басты міндетін ойдағыдай атқара атқара білді. Оған кәсіби шеберлік пен ерлік, төзімділік пен сабырлылық, шыдамдылық пен Қазақстан халқына және оның Президентіне берілген жоғары білікті қызметкерлер дайындау жөніндегі сенім арқау болды. Мектеп қызметкерлері 1988-1989 жылдары Бакуда және Ереванда, Таулы Қарабахта және Жаңа-Өзенде құрама батальондардың құрамында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етті К. М. Бейсебаев, Н.Д. Околочный. М.М. Безматерных, Р. К. Шоқаев, А. С. Қосжанов, В. И. Полохов, Ж. С. Сүйіндіков, А. К. Құжатаев, Н. Омаров сияқты ішкі қызмет полковниктері және басқалары табандылық пен ерліктің үлгісін таныта білді.

Бүгінде біз шын көңілмен институтымыздың басшыларын еске аламыз.

Алехин Владимир Леонтьевич, милиция генерал-майоры, 1985 жылдан 1991 жылға дейін институт басқарды, 1934 жылы 3-қазанда дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1958 жылдың 27-тамызында бастап Шығыс Қазақстан облысы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастады. 1961 жылы  маусымында Өскемен қалалық атқару комитетінің 1-милиция бөлімшесі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1961 жылдан бастап ол қайта Қазақ КСР Қоғамдық тәртіп сақтау министрлігі Милиция басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі; Қазақ КСР ІІМ Милиция басқарамасының ҚІБ аға жедел уәкілі; Қазақ КСР ІІМ ҚІБ 1-бөлімшесінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі лауазымдарында қызмет етті.

В. Л. Алехин екі жыл бойы КСРО Қоғамдық тәртіп сақтау министрлігі Жоғары мектебінің Алматыдағы факультетінің арнайы пәндер кафедрасында сабақ берді. 1970 жылдың маусымнан 1973 жылдың шілдесіңе дейін Қазақ КСР ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасы 4-бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етті; 1973 жылдың шілдесінен 1974 жылдың қаңтарына дейін — Қазақ КРС ІІМ Қазақ көлік милициясы басқармасы бастығының орынбасары; 1974 жылғы қаңтардан 1979 жылғы сәуірге дейін — Қазақ КСР ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы. 1979 жылдан бастап алты жыл бойы В. Л. Алехин Орал облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасын басқарды.

Мінсіз қызметі үшін және қоғамдық тәртіпті күзету және қылмыстылықпен күрес бойынша табысты қызметі үшін милиция генерал-майоры В. Л. Алехин Қызыл Жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен, «Милиция үздігі», «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгілерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО ІІМ, Қазақ КСР ҚТКМ, Қазақ КСР ІІМ Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Исаев Нұрхан Исаұлы, милиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, 1991 жылдан 1993 жылға дейін институт басқарды. КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, 1940 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған.

1969 жылы ішкі істер органдарына Ақтөбе облыстық атқару комитетінің ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметінің батальон командирінің орынбасары қызметіне жіберілді, кейін осы бөліністі басқарды. 1976 жылы Н. И. Исаев Республикалық мемлекеттік автокөлік инспекциясына жұмысқа шақырылды және 1978 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ МАИ бастығының орынбасары, содан кейін аталған қызметтің бастығы лауазымына тағайындалды. Қарағанды облысының ІІБ МАИ басқара отырып, Н. И. Исаев қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және жол полициясының материалдық-техникалық тұрғыда дамуына баса назар аударды. 1990 жылы Н. И. Исаев Талдықорған аудандық атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 1991 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін басқарды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ МАИ Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Қазіргі кезде Н. И. Исаев Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация академиясының проректоры. Қазақстан республикасы ішкі істер органдарының ардагері ретінде ол ардагерлер қозғалысына белсене араласады, Қазақстан республикасы ІІМ Жол полициясы департаментіндегі ардагерлер кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Жемісті еңбегі үшін Н. И. Исаев үш дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіздігіне орай атаулы сыйлықпен және алғыс хатымен және т. б. марапатталды. Отставкадағы милиция полковнигі Н. И. Исаев Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қарағанды қ. құрметті азаматы болып табылады.

Дуабеков Темірхан Дуабекұлы әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, 1993-1996 жылдар аралығында институт басқарды. 1937 жылғы 20 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Саржал ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1956 жылы КСРО ІІМ Алматы арнайы орта мектебіне түсуімен бастады, бітіргеннен кейін Павлодар облысы ІІБ социалистік меншікті талан-таражға салуға қарсы күрес бөлімінің, қылмысты-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, кейіннен Павлодар облысы ІІБ БХСС бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымдарында қызмет етті.

1966 жылғы маусымнан бастап 1993 жылғы ақпанға дейін республика ішкі істер органдары жүйесіндегі түрлі басшы лауазымдарда қызмет атқарды: Павлодар ІІБ БХСС бөлімінің бастығы, Павлодар облысы ІІБ кадрлар облысының бөлімі бастығының орынбасары, Қызылорда облыстық атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары, Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІБ бастығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 199 жылғы 17-қыркүйектегі Жарлығымен Т. Дуабековке «милиция генерал-майоры» арнаулы атағы берілді.

Мінсіз қызметі үшін «Тың жерлерді игергені үшін», 3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Кеңес милициясына 50 жыл», «Еңбек ардагері», «Қоғамдық тәртіпті күзету бойынша үздік қызметі үшін» медальдарымен, «Милиция үздігі», «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгілерімен наградталды, КСРО және Қазақ КСР ІІМ Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Стамқұлов Ұбайдолла Мырзағалиұлы ішкі қызмет полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 1996 жылдан 2002 жылға дейін институт басқарды. 1951 жылы 8-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер ауданының Первомаевка ауылында дүниеге келген.

1974 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемелекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының оқытушысы лауазымына қабылданды.

С. М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультеті жанындағы аспирантураны бітіргеннен кейін 1982 жылғы наурыздан бастап КСРО ІІМ ҚЖМ азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет етті, ал осы жылдың желтоқсан айында аталған кафедраны басқарды. 1990-1993 жылдары КСРО ІІМ ҚЖМ бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары — оқу бөлімінің бастығы, 1993-1996 жылдары ҚР ІІМ ҚЖМ бастығының бірінші бастығы қызметін атқарды.

1996 жылы Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан республикасы МТК Қарағанды жоғары мектебін басқарды, ал 1999 жылғы мамырда мектептің Ішкі істер министрлігі юрисдикциясына қайта көшуіне байланысты — Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ бастығы, кейіннен — Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы. 2002 жылғы наурызда Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің консультанты лауазымына, кейіннен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі. 2003 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. 2004 жылғы мамырдан 2005 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі лауазымында болды. 2005 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі.

Мінсіз қызметі мен қол жеткізген табыстары «Еңбектегі ерлігі», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана» медальдарымен бағаланды. Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан Республикасы МТК және ІІМ құрметті қызметкері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері болып табылады.

Оразалиев Молдияр Молыбайұлы, әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, 2002 жылдан 2004 жылға дейін институт басқарды. 1953 жылғы 16 наурызда Шымкент облысы Ленгер ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін М. М. Оразалиев Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға инспекторы болып қызмет етті. 1967-1990 жылдарда Шымкент облысының .шкі істер басқармасында басшы қызметтер атқарды.

1990-97 жылдарда Шымкент облыстық ІІБ басты­ғы­ның орынбасары; БХСС бөлімінің бастығы; крими­налдық полиция басқармасының бастығы; Ақмола облысы бойынша МТКБ бастығынан; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының орынбасары қызмет жолдарынан өтті.

1997-2002 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысының ІІБ, ҚІІБ бастығы; Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы бастығының бірінші орынбасары; Қостанай облысының ІІБ бастығы, 2002 жылдың ақпанынан 2003 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын басқарды. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы ІІД бастығы лауазымында болды. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Төрағасы лауазымында еңбек жолын жалғастырып келеді.

Қызметтегі қол жеткізген жетістіктері үшін әділет генерал-майоры М. М. Оразалиев Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің, Шымкент облыстық атқару ко­митетінің Ішкі істер басқармасы және Шымкент қа­ла­лық ІІБ Құрмет грамоталарымен, «ІІМ-дегі үздік қыз­меті үшін», «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгілерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіз­ді­гіне 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.

Кенжетаев Джан Табылдыұлы, полиция полковнигі,  2004 жылдан 2009 жылға дейін академияны басқарды. 1957 жылғы 1 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне түсіп, оны бітіргеннен кейін Көкшетау облысының ІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы лауазымында әрі қарай қызметін жалғас­тырды. 1979 жылғы тамыздан қылмысты іздестіру бөлімшесінің іздестіру тобының инспекторы, содан кейін Алматы қаласындағы Калинин аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, ал 1988 жылғы қарашадан ҚазКСР ІІМ Кадрлар басқармасының 2-кадрлар бөлімінің инспекторы лауазымдарында болды. 1995 жылғы мамырда Кадрлар жасақтау басқармасы бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Кадрлар бас басқармасының 2-бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуына байла­ныс­ты Д. Т. Кенжетаев Қазақстан Республикасы МТК Кадрлар және оқу орындары бас басқармасы басты­ғының орынбасары — кадрларды даярлау басқар­ма­сының бастығы лауазымына тағайындалды. 1997 жылы Қазақстан Рсепубликасы МТК Әкімшілік-қаржы департаменті бастығының орынбасары ретінде, содан Қазақстан Республикасы ҰҚК 5-ші Департаменті бастығының орынбасары, ал 1998 жылғы наурызда Астана қаласы ІІБ бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары лауазымына тайындалады. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары болды, 2003 жылы Қазақ­стан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қаржы полициясы академиясын басқарды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бей­се­нов атындағы Қарағанды заң институтының бастығы лауазымына тағайындалады. Ол Қазақстан Республи­касы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Рес­публикасы МТК еңбек сіңірген қызметкері, заң ғы­лымдарының кандидаты. Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін және қол жеткізген табыстары үшін «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен наградталды.

Еркінов Серік Есжанұлы Қазақстан Республи­касы ІІМ Қарағанды заң институтын 2009 жылғы 9-қаңтардан қазіргі уақытқа дейін бас­қа­рып келеді. Ол полиция ге­нерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, профес­сор, 1952 жылы 22-желтоқсанда Талдықорған қа­ла­сында дүние­ге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1971 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоға­ры мектебіне оқуға түсіп, 1975 жылы бітіріп шығады. 1975 жылғы шілдеден 1976 жылғы қарашаға дейін КСРО ІІМ ҚЖМ криминалистика кафедрасының кабинет бастығы, ал 1976 жылғы қарашадан 1980 жылғы қазанға дейін осы кафедраның оқытушысы болды.

1980 жылғы қазаннан 1982 жылғы қазанға дейін КСРО ІІМ Академиясы жанындағы МФЮЗО крими­налистика және арнайы техника кафедрасының адъюнкті болды. Адъюнктураны бітіргеннен кейін қайтадан КСРО ІІМ ҚЖМ криминалистика кафедра­сының оқытушысы, содан соң аға оқытушысы, доцен­ті, кафедра бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 1989 жылғы тамызда С. Е. Еркінов КСРО ІІМ ҚЖМ Алма-Атадағы факультетінің арнайы пәндер және әскери дайындық кафедрасының доценті лауазымына ауысады. 1991 жылғы тамыздан 1991 жылғы желтоқсанға дейін КСРО ІІМ АЖМ кри­ми­на­листика кафедрасын басқарды. 1991 жылғы желтоқ­санда бастықтың оқу ісі жөніндегі орынба­сары, әрі КСРО ІІМ Алма-Ата жоғары мектебінің оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындалады. Үш жыл бойы (1993-1996 жж.) Қазақстан Республикасы ІІМ Ал­маты жоғары мектебі бастығның бірініші орынба­са­ры лауа­зымында болды. 1996 жылғы қаңтардан 1998 жылғы шілдеге дейін Қазақстан республикасы Алматы жоғары мектебінің бастығы лауазымында қыз­мет етті. 1998 жылғы шілдеде С. Е. Еркінов Қазақ­стан Республикасы ІІМ Алматы заң колледжі басты­ғы­ның оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысады, ал 2001 жылғы ақпанда Қазақстан Респуб­ликасы ІІМ Академиясы бастығының оқу ісі жөнін­дегі орынбасары. 2002 жылғы ақпаннан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын басқарды.

2004 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен С. Е. Еркіновке «полиция генерал-майоры» арнаулы атағы берілді. Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін және қол жеткізген табыстары үшін полиция генерал-майоры С. Е. Еркінов бірнеше марапаттау мен және медальдарға ие болған. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ