к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

  • ҚАЗkz
  • РУСru
  • flag

    EN

    flag

    TR

    flag

    CH

    flag

    FR

    Call-орталығы

    1414

    Сенім телефоны

    + 7 (7212) 30-36-66

    Қабылдау комиссиясы

    +7 (7212) 30-33-64

    г. Караганда, Ермекова, 124

    Call-орталығы 1414

    Кадр саясаты бөлімі

    Кадр саясаты бөлімі бойынша ақпарат

    Кадр әлеуетін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыруға, құқық қорғау органдарындағы қызметкерлерді басқару міндеттері мен функцияларына үнемі ерекше назар бөлінеді, өйткені олар қызметтің тиімді іске асырылуына ықпал етеді. Кадр аппаратының қызметкерлері жеке бөліністің ғана емес, сондай-ақ жалпы мемлекеттің жұмыс істеуінің аса маңызды элементі болып табылатын адам ресурстарының рөлін түсінеді.

    Кадр бөлімі бастығының аға көмекшісі милиция подполковнигі АЙДАРОВ Петр Павлович және бөлім инспекторы ішкі қызмет лейтенанты РЯБИНИН Михаил Иванович жоғары оқу орнының кадр қызметінің негізін қалаған адамдар.

    Жоғары білікті маман, кадр қызметінде отыз жылдық тәжірибесі бар, салмақты және сабырлы адам П.П.Айдаров кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қалыптастыруға үлкен жеке үлесін қосты, бөлімнің жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударды.

    КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің кадр бөлімінің бірінші бастығы Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрын аға оқытушы, содан кейін мектептің оқу бөлімінің бастығы болған, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастырған ішкі қызмет полковнигі Насир АБЛЯЗОВ болды.

    КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің, содан кейін институт пен академияның кадр бөлімінің басшылары болып әртүрлі жылдары мыналар қызмет атқарды: Сагынбай Бостыбаевич БАТКУЛЬДИН (1974—1981), Кошкен Абдигалиевич АМАНДЫКОВ (1981—1986), Андрей Михайлович ШУКАЕВ (1986—1994), Куандык Тишбекович АХАНОВ (1994—1999), Ержан Зарирович ЗАРИРОВ (1999—2006), Айтбек Бектурович КАНБАКОВ (2006—2011), Бакитбек Балтабаевич ТУРГАНБАЕВ (2011—2012), Айбек Кажекенович ИБРАЕВ (2012—2014), Айдар Зиналеевич МУХАНБЕТОВ (2014—2019), Евгений Валерьевич КУДЛАЙ (2019 – 2020). Олардың барлығы ЖОО-ның кадр қызметін дамыту және жетілдіру үшін бірталай еңбек етіп, зор үлес қосты.

    Алғашқы жылдары бөлім, негізінен, Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ кадр аппаратының тәжірибелері мол қызметкерлерімен жасақталатын. Осылайша, кадр бөліміне Сламбек Кадыркулович Кадыркулов, Манас Капасович Интыкбаев, Толеубекова Бахытжан Хасеновна, Куштаров Алимжан Борошевич келді.

    Елу жылдың ішінде кадр бөлімінде қызмет атқарған тұлғалар: Ардак Сайранович Алиленов, Тлеусара Сагимбековна Аханова, Дулатхан Абдулалимович Баринов, Ринат Мударисович Бибарсов, Николай Николаевич Брюнин, Ольга Николаевна Брюнина, Андрей Иванович Виценко, Төлеген Ғалымтайұлы Ғалымтай, Евгения Владимировна Еспергенова, Талгат Молдабаевич Жалгасов, Марат Ашимович Жалкенов, Бахытжан Канатович Жилкибаев, Нургазы Карибекович

    Корпешов, Амира Жұмашқызы Қасенова, Юрий Алексеевич Лопатин, Алемхан Масгутович Майтанов, Сергей Викторович Максимов, Виктория Васильевна Мишковская, Мурат Аскарович Момышев, Бекен Исахович Омаров, Алия Кауановна Оспанова, Гульбану Кайроллаевна Оспанова, Нуржан Еренгаинович Отарбаев, Надежда Семеновна Самарина, Александр Геннадьевич Сасин, Нина Васильевна Слизкова, Александр Сергеевич Сосиновский, Назым Ныгыменовна Сулейменова, Галия Амангельдиевна Татиева, Юрий Григорьевич Троценко, Хамит Курентаевич Уразбаев, Ренат Гарифович Халитов, Ныгметолла Амарханович Черкешев, Ринат Сабиржанович Серазутдинов, Татьяна Владимировна Галактионова.

    Жоғары мектептің қалыптасуы кезінде кадр бөлімі профессорлық-оқытушылық ұжымды қалыптастыруға, бөлімдер мен қызметтерді құруға, оларды сауатты, кәсіби даярлығы бар қызметкерлермен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Жаңа жоғары оқу орны үшін мамандарды Қазақстан бойынша ғана емес, барлық Кеңес одағы бойынша «жинауға» тура келді. Кадр бөлімі өзінің маңызды міндетін табысты орындап шықты. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген, азаматтық және ведомстволық милиция оқу орындарынан келген оқытушылар, сондай-ақ әскери офицерлер де өздерінің еңбек өтілдерін біздің жоғары оқы орнымызда бастады. Дәл осы қызметкерлер ішкі істер органдарының тергеу аппараттары үшін мамандарды даярлауды жүзеге асырудың негізін қалап кеткен болатын. Бұл ретте де, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі кадр бөлімі қызметкерлерінің үлесі зор.

    Академияның кадр саясаты бөлімі бастығы полиция майоры Бекетаева Куралай Талгатовна бастығының орынбасары полиция капитаны Замира Жоламановна Бексеитова және кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары әрі де идеологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Нурбеков Аят Муратханович басқарады. Бөлімнің құрамына жеке құрам жөніндегі инспекция және кәсіби даярлық тобы кіреді. Кадр қызметі 20 адамнан тұрады. Академияның аттестатталған құрамымен жұмысты бөлімнің аға инспекторы, полиция капитаны Сарсенбаева Марал Ерлановна жүргізеді. Бөлімнің аға инспекторы полиция подполковнигі Нургуль Майдановна Саханова, инспектор полиция аға лейтенанты Баженова Евгения Александровна ауыспалық құрамға кураторлық етеді. Кәсіби даярлық тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Мартбекұлы Ақжол академия жеке құрамының атыс, дене және қызметтік даярлығына жауапты. Идеологиялық және тәрбие жұмысын аға инспектор полиция майоры Беккожина Айгерім Аманкелдіқызы, инспектор полиция капитаны Касым Тажикенович Искаков, тұрақты және ауыспалы құрам арасындағы психологиялық жұмысты аға инспектор полиция капитаны Анастасия Сергеевна Епишко жүргізеді.

    Академияның кадр жұмысы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ басқа да бұйрықтарын және нормативтік актілерін басшылыққа алады.

    Академияның кадр жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары: ІІО-ға оқуға және қызметке іріктеу және қабылдау, академияның басшы және профессорлық-оқытушылық құрамының бос лауазымдарының орнын басу үшін білікті кадрларды іріктеу, кадр резервімен белсенді жұмыс жүргізу, қызметкерлерді кәсіби даярлау, жеке істер мен басқа да құжаттарды есепке алу және сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, кез келген жұмыс түрлерін орындау кезінде құпиялылық режимін сақтау болып табылады.

    Академия әртүрлі кезеңдерде әртүрлі құқық қорғау органдары мен елдің ұлттық қауіпсіздік органдарының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі) құзыретіне ауысуына қарамастан, кадр жұмысы бөлімі өз құрамында кадр жұмысының жоғары білікті мамандарына ие бола отырып, осы министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құжаттарына қатаң сәйкестікте жұмысты және оның алдында тұрған міндеттерді сапалы және толық көлемде орындайды.

    Қазіргі кезде ішкі істер органдарын жаңғырту шеңберінде кадр жұмысындағы орын алып отырған үлкен оң өзгерістермен кадр жұмысы бөлімінің ұжымы өз жұмысын абыроймен атқаруда. Қойылған міндеттермен қатар ішкі істер органдарына ІІМ оқу орындары, «Е-кадрлар» және кадр жұмысын жүзеге асыруға арналған басқа да автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы қызметке қабылдау жүйесі енгізілуде.