к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Дене дайындығы кафедрасы

Дене дайындығы кафедрасы

Дене шынықтыру кафедрасы 1969 ж. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің бастығының бұйрығымен әскери-қызметтік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы атымен құрылды.

Дене дайындығы кафедрасының дербес бөлініс ретіндегі қызметі ҚСРО ІІМ ҚЖМ бастығы, әділет генерал-майоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтың «Дене дайындығы секциясын ұйымдастыру туралы» 1975 жылғы 06-қыркүйектегі № 473 бұйрығынан басталды. Жаңа құрылған бөлімшенің бастығы болып ішкі қызмет подполковнигі В.В. Харчев (кафедра бастығының орынбасары құзырында) тағайындалды. Дене дайындығы секциясының алғашқы оқытушылары: ішкі қызмет капитаны В.И. Полохов, милиция лейтенанты В.А. Умнов, ішкі қызмет аға лейтенанты И.П. Шевченко, милиция капитаны В.Н. Грущак, М.Х. Байғабылов, В.Б. Конради, Н.М. Омаров, О.Ш. Асайынов болды.

«КСРО ІІМ ҚЖМ штатында өзгерістердің тізімін бекіту туралы» 1979 жылғы 30 наурыз № 0233 бұйрғының орындау мақсатында, 1979 жыл дың 26 сәуірінде – ҚСРО ІІМ ҚЖМ бастығының № 0115 бұйрығы бойынша дербес бөлімше ретінде әскери және дене дайындық кафедрасы құрылды. Оның алғашқы бастығы болып ішкі қызмет майоры – В.И. Базилевский тағайындалды.

Кафедраның қызмет атқару уақытында алты адам басқарды: ішкі қызмет майоры В.И. Базилевский, ішкі қызмет подполковнигі В.Н. Шовкань, ішкі қызмет полковнигі Н.К. Шевченко, әділет подполковнигі В.И. Степанюк. Қазір кафедраны заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы, полиция полковнигі Н.Ж. Мұхамедьянов, еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция полковнигі С.О. Асаинов басқаруда.

Қазіргі уақытта кафедраны самбо күресінен СССР-дің спорт шебері полиция подполковнигі Саят Магауияұлы Тишмаганбетов басқарып келеді.

Кафедра тарихында Академияның кафедра мұғалімдері мен тыңдаушылары қатысқан оқиғалар бөлек орын алуда: Мәскеу қаласындағы 80-олимпиадада қоғамдық тәртіпті сақтау, 1986 жылғы Ізгі ниет ойындары; Армениядағы Спитак қаласындағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде, Таулы Қарабақта, Жаңа өзенде, Әзірбайжанда болған жаппай тәртіпсіздіктер мен этносаралық қақтығыстардың жолын кесу, 2020 жылы Теміртау қаласындағы Covid-19 қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысты.

Кафедра өкілдері КСРО және Қазақ КСР ІІМ, Қазақстан Республикасының басшылығымен бірнеше рет аталып өтті.

Кафедра оқытушылары елімізде өткізілетін ірі қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты, атап айтқанда: 2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Иоанн Павелдің Астана қаласына мемлекеттік сапары, әлемдік дәстүрлі діндер мен діни конфессиялардың съездері, Астана қаласының 10 жылдығы (2008 ж.), 2010 жылдың желтоқсан айында 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде ЕҚЫҰ Саммиті, Теміртау қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін атқарды.

Кафедра құрамы:

2.8.8.Кафедра физической подготовки.KZ

Кафедраның негізгі міндеті факультеттердің күндізгі, сырттай оқу бөлімдерінің курсанттарымен, біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау институты, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтымен, академияның тұрақты құрамымен, сондай-ақ спорттық жетілдіру бөлімінің топтарымен дене шынықтыру және қоян-қолтық ұрыс бойынша сабақтарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу, олардың кәсіби қызметінде оларды жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады,

Дене дайындық кафедрасының қызмет ету ерекшелігі – сабақтардың оқудан тыс бұқаралық спорт жұмысымен байланысуы. Сонымен, институттың тыңдаушылары арасында институттың алғашқы бастығы, құқық профессоры, генерал-майор Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновты еске алуына арналған жыл сайын күзгі және көктемгі-жазғы спартакиадалар және институттың тұрақты құрамы арасындағы «Денсаулық» атты қысқы спартакиадасы өткізіледі. Осыған орай, жалпы үш спартакиаданың бағдарламалары бойынша спорттың 18 түрінен жарыстар өткізіледі.

Академия қабырғасында Қазақстан Республикасы халқының атаулы күндеріне байланысты спорттық-патриоттық шаралар өткізіледі. Бұл – Қазақстан Республикасының Күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Күні, «Наурыз» мейрамы, Отан қорғаушылар Күніне және Ұлы Жеңіс Күніне арналған әскери эстафета.

Оқытылатын пәндердің ерекшелігін ескере отырып, академияның дене шынықтыру кафедрасы әзірлеген «Оқытудың блоктық жүйесі» бойынша жауынгерлік жекпе-жекке, күрестің қолданбалы түрлеріне және қарусыз өзін-өзі қорғауға негізгі бейімділік жасалады.

Академияда курсанттар спорттық жетілдіру бөлімінің (МЖМБС) 8 тобында өзінің спорттық шеберлігін арттыруға мүмкіндігі бар, онда Академия бастығының «Спорттық жетілдіру бөлімінің топтарында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру туралы» жыл сайынғы бұйрығына сәйкес 250-ден астам адам келесі бағыттар бойынша тұрақты айналысады: оқпен ату, самбо, дзюдо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, оқу орындары арасында көпсайыс, ҚР ІІМ, президенттік көпсайыс, шахмат, бұл бізге облыстық, республикалық және әр түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарда  табысты өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Кафедра тәрбиеленушілері мен Академияның дзюдо күресі, самбо, қоян-қолтық ұрыс, жеңіл атлетика, көпсайыс бойынша құрама командалары бірнеше мәрте ҚСРО ІІМ, ҚСРО ІІМ ООБ, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстардың облыстық және қалалық Чемпионаттардың чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Жекелеген спортшылар самбо күресі, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг бойынша Азия, Әлем Чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері болды.

Біздің академияның жекелеген спортшылары самбо күресі, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг, панкратион, жауынгерлік самбо және грепплинг бойынша Әлем, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.

Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының спорттық жетістігінің мысалы – Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясының негізінде өткізілген Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ішкі істер министрлігінің барлық оқу орындарының құрама командалары қатысқан Қазақстан Республикасының күш ведомстволары мен құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарының курсанттары арасында өткізілген генерал-майор А.А. Арыстанбековты еске алуға арналған жыл сайынғы республикалық турнирден қоян-қолтық ұрыс құрама командасының чемпион ретінде оралуы болды (Алматы қ., 2019 жылғы 12-15 наурыз).

2019 жылғы 15-18 мамыр аралығында Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының негізінде Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының 50 жылдығына арналған жазғы Президенттік көпсайыстан жарыс өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының құрама командасы Жастар жылына арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы арасындағы Спартакиада бағдарламасында командалық есепте күміс медальға ие болды (1228 ұпай).

2019 жылдың 20-22 желтоқсан аралығында «Қазтұтынуодағы» кооперативтік университетінің базасында Әлем чемпионы, полиция майоры – Руслан Мұқановты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті, онда Баәрімбек Бейсенов атындағы  Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының құрама командасы қатысты жалпы командалық І орынды жеңіп алды.

Кафедра ұжымы мұнымен тоқтап қалмайды. Жақсы спорттық база мен спорттық құрал-жабдықтардың жеткілікті мөлшерімен кафедра оқытушылары оқытылатын пәндер деңгейін одан әрі арттыру және тәрбие жұмысын жетілдіру үшін жұмыс істейді.

Соңғы 5 жылда кафедра Қазақстан Республикасының 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, Қазақстан Республикасының 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының 3 спорт шеберін және Қазақстан Республикасының спорт шеберіне 10 үміткерлерді дайындады.

Осы жетістіктердің барлығы Академия курсанттарының спорттық-бұқаралық және тәрбие жұмыстарының кеңінен қамтылуына байланысты, академия басшылығының тұрақты бақылауында болатын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етуінсіз мүмкін болмас еді.

Дене шынықтыру дайындығы кафедрасы оқу-тәрбие процесін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларға ие. Алты жолға жиырма бес метрлік жүзу бассейнінен тұратын су полигоны;

Академиядағы жазықтық және күрделі спорт құрылыстарынан басқа, кафедра лагерьлік жиындар кезеңінде және дене шынықтыру даярлығы бойынша түсу емтихандарын қабылдау кезінде Долинка кентінің оқу орталығында орналасқан Спорт объектілерін (баскетбол және волейбол алаңы, гандбол ойнауға арналған шөп алаңы және шағын футбол, гимнастикалық снарядтар кешені, жүз метрлік жеңіл атлетикалық жол, ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, Кросстық жол) пайдаланады.

Академияның қолданыстағы спорт объектілері қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес келеді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын толық көлемде қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Спорттық жабдықпен жарақтану деңгейі ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Кафедраның оқу-әдістемелік кабинетінде типтік және жұмыс оқу бағдарламалары, оқу сабақтарының жоспарлары, сызбалар, оқу бейнефильмдері, қор дәрістері және оқу-әдістемелік материалдар жинақталған. Кафедраның оқу-әдістемелік кабинетінде І-ІV курс тыңдаушыларына арналған қоян-қолтық ұрыстың әртүрлі тақырыптары бойынша оқу фильмдері, академияда қолданылатын түрлі спорт түрлері бойынша жарыстардың бейнежазбалары, сондай-ақ оқу процесінде пайдаланылатын Академия құрама командаларының жарыстарында, турнирлерінде, чемпионаттарында өнер көрсетудің бейнематериалдарының бар дискілері бар.

Оқу-әдістемелік кабинетінде әр курс пәндері бойынша тиісті оқу-әдістемелік материалдармен стендтер жабдықталған. Қоян-қолтық ұрыс бөлімдері бойынша көрнекі материалдар мамандандырылған үй-жайларда да бар екенін атап өткен жөн: қолданбалы күрес, қарусыз өзін-өзі қорғау және жауынгерлік күрес залдары.

Кафедраның келесі оқу-материалдық спорттық базасы бар:

Байланыс ақпараты:
Тел: 8(7212)30-33-79

error: Не получилось