к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы (қылмыстық құқық және криминология кафедрасы) 1969 жылы құрылды.

Кафедраның бастауында Елеонский В.А., Лившиц Ю.Д., Харшак Е.А., Иванов В.Д., Қайржанов Е.І., Гагарин Н.С., Абулгазин С.Б. сияқты көрнекті ғалымдар болды. 1992 жылдан бастап кафедраны заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі И.Ш. Борчашвили, 2009 жылдан бастап – заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.М. Иманбаев басқарып, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны заң ғылымдарының кандидаты С.Қ. Алтайбаев басқарады.

И.Ш. Борчашвилиге Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 04.12.2009 жылы «Қазақстанның енбеқ сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Кафедра бастығының орынбасары болып з. ғ. д., профессор Н.М. Әбдіров, з. ғ. к., доцент Г.К.Рахимжанова, з. ғ. к., доцент С.М. Куставлетов, з. ғ. к., доцент С.М. Иманбаев, з. ғ. д., профессор З.С.Токубаев, з. ғ. к., доцент Б.Ө. Сейтхожин жұмыс істеді.

Әр жылдары кафедрада з. ғ. д. профессор Т.К.Акимжанов, з. ғ. д., профессор М.Ч. Қоғамов, з. ғ. д., профессор Е.А. Оңғарбаев, А.Д. Шинкоренко, Қ.У. Ташибаев,Т.С. Какимжанов, з. ғ. д., доцент А.А. Смагулов, з. ғ. к., доцент С.Н. Баймағамбетов, з. ғ. к. А.Б. Байсултанов, з. ғ. к. М.С. Баймурзин, з. ғ. к., доцент Ы.А. Жандарбеков, з. ғ. к., доцент С.И. Каракушев, з. ғ. к., доцент Б.М. Курманбаев, з. ғ. к., доцент М.К. Ынтықбаев, з. ғ. к. А.Е. Капышев, з. ғ. к., доцент К.Р. Сарыкулов, В.А .Пенчуков, з. ғ. к., доцент Д.С. Темирова, з. ғ. к., доцент Г.Х. Феткулов, з. ғ. к. Қ.Ж. Баетов, з. ғ. к. Ж.А. Кенбаев, з. ғ. к. А.С. Қасымова, з. ғ. к., доцент С.А. Тессан, з. ғ. к., доцент Е.В. Пенчуков, з. ғ. к. Жұманиязов М.А. және тағы басқалар жұмыс атқарды.

Р.Б.Құлжақаева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 188 Жарлығымен Әскери және қызметтік міндетін мiнсiз атқарғаны, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны, ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін «Құрмет» орденімен наградталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық және криминология кафедрасы Кәсіби даярлық факультетінде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде және кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде сабақтар өткізеді. Кафедра «ҚР Қылмыстық құқығы», «Криминология», «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері», «ҚР Қылмыстық-атқару құқығы», «ҚР қылмыстық заңнамасы теориясының ғылыми негіздері», «ҚР қылмыстық заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы», «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың өзекті мәселелері», «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың өзекті проблемалары» сияқты оқу пәндерін оқытуды жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік материалдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауы аясында қайта қаралды. ҚР жаңа қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын, сондай-ақ жаңартылған ҚР заңнамалық актілерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінің оқу қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жаңадан қабылданған нормативтік актілеріне сәйкес құрылған.

Кафедрада жыл сайынҚазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының Жалпы және Ерекше бөлімі, Криминология, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дәрістерқоры қайта өңделеді.

Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу кезінде оқытудың техникалық құралдары, сондай-ақ тергеу-сот практикасының қайта өңделген материалдары пайдаланылады.

Оқу үдерісін жетілдіру мәселелері кафедра ұжымының үнемі назарында. Кафедра пәндері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік ұсынымдар, кафедра пәндерінің неғұрлым күрделі тақырыптары бойынша кафедраның жетекші оқытушыларының бейне кеңестері әзірленді.

«2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру проблемалары» ғылыми тақырыбын іске асыруға ерекше назар аударылады. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-атқару кодекстерінің мониторингі жөніндегі жұмыс тобына ұсыныстар үнемі әзірленіп, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Ішкіісминіне жіберіледі, сондай-ақ нормативтік қаулылардың жобалары бойынша ұсыныстар Жоғарғы Сотқа жіберіледі.

Қазіргі уақытта кафедрада:

заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Қ. Алтайбаев, заң ғылымдарының кандидаты, профессор полиция полковнигі Г.Ж. Мұхамадиева, PhD докторы, полиция полковнигі М.Е. Балғожина, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Б.Б. Кощегулов, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі О.А. Тұрғанов, құқық магистрі полиция подполковнигі А.М. Нурахметова, құқық магистрі, полиция майоры А.Н. Арынова,құқық магистрі, полиция майоры Г.Б. Оңғарова, құқық магистрі, полиция капитаны А.Б. Курумбаева және кафедра лаборанты А.А. Абеуова қызмет атқарады.

2.8.3.Кафедра уголовного права и криминологии.KZ
error: Не получилось