к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы

Әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасы

Әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасы 1969 жылы Кеңестер одағының ІІМ Қарағанды жоғары мектебі бастығының бұйрығымен құрылған. Алғашында әскери – қызмет және дене дайындығы кафедрасы деп аталды. 1975 жылы аталмыш кафедрадан әскери және дене дайындығы секциясы бөлініп шығып, казіргі уақытта арнайы-тактика дайындығы деп жаңа атаумен аталды.

Ғабдолмажит Сабралиұлы Сабралиев – кафедраның бірінші бастығы болған. Ол кафедрада 1970-1974 жылдар арасында қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының ардагері. Үкімет марапаттарының иегері.
Виктор Семенович Мартыненко. 1974-1978 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Үкімет марапаттарының иегері.
Михаил Макарович Безматерных. 1979-1991 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған.
Шернияз Ислямұлы Макин. 1991-1996 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған.
Айтқұл Сағатұлы Қосжанов. 1996-2000 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған , заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Владимир Андрееевич Умнов. 2000-2010 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған.
Ізбасхан Бекбайұлы Нысанқұлов. 2010–2016 ж. аралығында кафедра бастығы қызметін атқарған.
Полиция полковнигі Руслан Сағынбайұлы Баткульдин 2017 жылдан бастап 2020 жылғы уақытқа дейін кафедра бастығы қызметін атқарды.
Полиция полковнигі Серғали Жұмағұлұлы Тоқтабеков 2020 жылғы сәуір айынан қараша айы аралығында кафедра бастығы қызметін атқарды.

Кафедраның құрылуы мен дамуына өздерінің үлкен үлесін қосқан тұлғалар: А.С. Омаров, Ж.К. Түсіпбаев, В.И. Полохов, В.И. Базилевский., В.Н. Харчев, И.Н. Багно, Г.В. Грущак., Г.Р. Молчанов, Н.Д. Зарайский, М.Н. Атағұлов, Д.С. Гизатуллин, М.М. Аксартов, Н.И. Жермоленко, Ш.И. Макин, А.Н. Платунов, В.М. Марков, Г.И. Калмыков, А.С. Қосжанов, В.А. Умнов, Н.М. Омаров, С.К. Рахимбеков, Ю.Г. Троценко, І.Б. Нысанқұлов, Р.С. Баткульдин, Т.Қ. Ысқақов, Х.Х. Темиров Ж.Е. Ерниязов, С.Ж. Тоқтабеков, А.А .Романов, Б.К. Тоғызбаев., Н.Ж. Қожамжаров.

Аарнайы-тактикалық даярлық кафедрасы әскери және арнайы пәндерді оқытуға арналған. Әскери дайындықтың негізгі мақсаты – жоғары моральдік-психологиялық сапаны қалыптастыру, жедел жағдайларда тиімді шешім қабылдауды, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануда шеберлікті таныта білуге оқыту болып табылады.

Кафедра ұжымының үлкен назары курсанттармен тәрбиелік жұмыстармен айналысуға бөлінген. Кафедраның алға қойылған мақсаты – курсанттарға өзінің мамандығын құрметпен сыйлауға, оларды терең білім алуға, патриоттық сезім тәрбиелеуге, Отанына сүйікпеншілікті дамытуға және өзінің заңды түрде сайланған Президентіне беріктігін арттыру болып саналады.

Кафедра ұжымы Академияның Долинка кентіндегі оқу далалық лагаерінде 1 курс курсанттарымен өткізілетін лагер жиынын өткізеді. Сонмымен қатар, жалпы академиялық маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға, 1 курс курсанттарының салтанатты Ант қабылдау рәсімі мен 4 курс түлектерінің салтанатты диплом алу рәсімін өткізеді.

Кафедра әрқашан әскери-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізуде белсенділік көрсетеді. Кафедрада ұрыстық қарудан атудан спорттық шеберін жетілдіру тобын жаттықтыратын секция жұмыс істейді. Кафедра ұрыстық қарудан ататын ату құрамасын облыстық және қалалық жарыстарына дайындауды қамтамасыз етеді. Осы жарыстарда академияның ату құрамасы жоғары биіктерде көрініп, марапаттауларға ие болды. Айта кетсек, соңғы жылдары Қазақстан Республикасының ІІМ ұйымдастыруымен оқу орындары арасында өтетін спортакиадада үздік команда болып келеді.

Кафедра жылда өткізілетін дәстүрлі курс аралық сапта ән айту байқауы мен Ұлы жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне орай жауынгерлік-спорттық әскери сайысын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Академия бастығы атындағы Кубогы» және жалпы академиялық спартакиада, Президенттік тест бағдарламасы бойынша сайыстарын өткізеді.

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы кәсіби даярлық факультетінде, сырттай оқу факультетінде, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында келесі пәндерден сабақ жүргізуді қамтамасыз етеді: әскери дайындық, атыс даярлығы, арнайы тактика, әскери топография, өмір қауіпсіздігі сабақтар жүргізеді.

Оқытушылар сабақ жургізу барысында заманауи әдістер мен тәсілдерді қолданады. Кафедра Қарағанды облысының ПД «Оқу-жаттығу взводы» АМЖ, ТЖД бөлімшелерінің базасында тәжірибелік сабақтарды және Долинка к. Оқу далалық лагерінде оқу жаттығулар өткізеді.

Кафедра академия аясында және Долинка кентінде. Оқу далалық лагерінде жеткілікті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Долинка кентінде 1-ші курс курсанттарына алғашқы әскери дайындық негіздерін және жас жауынгер курстары өткізіледі. Оқу далалық лагерінің соңында дәстүрлі жорықтық жүгіріспен курсанттарды және кафедра жеке құрамымен Академияға келуімен аяқталады. Бүкіл оқу барысында атыс тирінде және жаттығу полигондарында атыс жүргізуді, қарулы қылмыскерлерді ұстауды үйреніп және қажетті денгейде жетілдіріп отырады. Ерекше жағдайларда өзін қорғауға, дәрігерге дейін зардап шекендерге көмек көрсетуді, жеке және белсенді қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануға үйретеді.

Кафедраның жеке құрамы академияның жиынтық жасақ құрамын дайындаумен қатар, Азербайджанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Арменияда Таулы Карабах, , Арменияда Спитак қаласында болған жер сілкінісінің нәтижелерін жоюға, «Олимпиада-80» спорттық жарысында, Масквадағы «Ізгі ниет ойындары» мемлекеттік іс-сапармен келген Папа Римский Иоанн Павел ІІ келу сапарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты. Сонымен қатар Астана қаласында өткізілген әлемдік 1-ші және 2-ші діни съезіне және ЕҚЫҰ-ның Саммитінің қоғамдық қауіпсіздігін және ЭКСПО-2017 көрмесінің өту барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.

Жиынтық жасақ құрамы Қарағанды облысының ПД, ҰҚКД, Қазақстан Республикасы ҰҰ біріге жедел-тактикалы, тероршылдыққа қарсы оқу-жаттығуларына белсенді қатысады.

Кафедраның оқытушы құрамы үнемі өздерінің дәрежелерін жоғарылатып отырады. Айта кетсек, 2017-2018 жылы кафедраның барлық оқытушылары Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы дайындық Департаментінде оқу-әдістемелік жиынында және Азаматтық Қорғаныс саласында даярлықтан өткен. Халықаралық полицейлер ынтымақтастығының аясында Анкара қ. полиция академиясында және Будапеш қ. (ILEA) халық аралық құқық қорғау академиясында өз білімдерін, білікіліктерін жоғарлатқан.

Кафедраның ұжымы өткен КСРО және Қазақстан Республикасының ІІМ тарапынан бірқатар марапаттармен мадақталған.

Кафедра құрамы:

Кафедра бастығы – полиция подполковнигі Ф.Е. Бөрібай.
Аға оқутышы – полиция полковнигі А.Т. Нұрмахамбетов
Аға оқутышы – полиция капитаны Е.М. Махметов
Аға оқутышы – полиция капитаны Қ.Д. Искаков
Аға оқутышы – полиция капитаны З.Д. Хайрулла
Оқутышы – полиция майоры А.Ж. Садырбеков
Оқутышы – полиция майоры Ж.Н. Нурмашев
Оқутышы – полиция аға лейтенанты Қ.А. Құшмағамбет
Тир бастығы – полиция аға лейтенанты Р.Р. Зейнуллин

Байланыс ақпараты:
Тел.: 8(7212) 30-37-55
Эл. почта: boribay77@bk.ru

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ