к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жалпы заң пәндер кафедрасы

Жалпы заң пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 975 бұйрығымен құрылған

Жалпы заң пәндері кафедрасының басты міндеттері ретінде келесілер анықталды:

— жалпы оқу пәндері бойынша курсанттарды даярлау сапасын жақсарту;
— жалпы заң пәндерін оқытудың интерактивті әдістерін жетілдіру;
— кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін арттыру;
—  ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын курсанттардың санын арттыру, оның ішінде олардың мақалаларын әртүрлі деңгейдегі жинақтарда жариялау;
— әртүрлі деңгейдегі конкурстарға, қойылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауға курсанттарды тарту, олардың олимпиадаларға қатысуы;
—  профессорлық-оқытушылық құрамы шығаратын монографиялар мен басқа да ғылыми басылымдар санын көбейту, соның ішінде БҒСБК, ЖАК, РҒДИ журналдарында;
—  жыл сайын ПОӘК және оқытылатын пәндер бойынша басқа да оқу материалдарын жаңарту;
— кафедраның ПОҚ тағылымдамадан  және біліктіліктерін арттырудан өтуі;

Кафедрада мемлекеттік-құқықтық, әкімшілік-құқық және азаматтық-құқық циклі  (кәсіби даярлық факультетінің, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің және  біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің білім алушылары үшін 21 оқу пәні) пәндері оқытылады.

Жалпы заң пәндері кафедрасы «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» және «Азаматтық-құқықтық пәндер» екі кафедраны біріктіру арқылы құрылды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының қалыптасуы, бірінші кезекте 1970 жылдан 1988 жылға дейін мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасын басқарған бірінші бастығы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор кафедра Мухамедшин Кашиф Джиганшиевичтің еңбегі.

Келесіде кафедраны басқарғандар:

1988-1992 жылдары Мұқашев Рахмет Желдыбаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
1992-1993 жылдары Сабикенов Салахиден Нарсариевич, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор;
1993-1997 жылдары Литовченко Людмила Григорьевна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
1998-1999 жылдары Омаров Ибрагим Алиаскарович, заң ғылымдарының кандидаты, профессор;
1999-2004 жылдары Биекенов Нұрлан Амангельдинович, заң ғылымдарының докторы, доцент;
2005-2015 жылдары Исаева Светлана Нурхановна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
2015 жыдан қазіргі уақытта Джиембаев Руслан Кайратович, заң ғылымдарының кандидаты.

Әртүрлі жылдары кафедрада жұмыс істегендер:

А.Т. Ащеулов , Т.А. Ағдарбеков , Г.В. Ким , А.М. Роднов , А.А. Матюхин , Б.Е. Айтуаров, А.А. Атишев, Ю.И. Юров , М.И. Золотарев , А.С. Матвеенков, А.А. Кереев, Е.Х. Жаркенов, Ж.Б. Орымбаев, С.Г. Пен, Д.В. Чалых , Н.В. Сидорова , К.Х. Сәтбаева, Г.П. Объедков, Ш.М. Әдрейісова,  Қ.Н. Қапенова, Т.Р. Сейдығалиев, А.Т. Байғұтанова , С.С.Түсіпбеков , Қ.Д. Дос  т.б.

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының қалыптасуы 1971 жылы басталды. Кафедра азаматтық-құқықтық циклдің барлығы дерлік пәндерін оқытуды қамтамасыз етті.

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының алғашқы бастығы болып милиция полковнигі А.Т. Ащеулов тағайындалды. Басшы өкілеттігін кейіннен заң ғылымдарының кандидаты, доцент, милиция полковнигі Е.Ж. Жанәбіловке берді (1971-1979 жж.).

1979-1982 жылдары, содан кейін 1992 жылдан 2000 жылға дейін кафедраны полковник Б.Ж. Бейсембаева басқарды. Жұмыс барысында ол жоғары білікті заңгерлерді шығарды.
1982 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полковник У.М. Стамқұлов басқарды, ол 1998 жылдан 2002 жылға дейін Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының бастығы болды.
1990 жылдан 1991 жылға дейін кафедраны полиция капитаны, заң ғылымдарының кандидаты. Қ.Б. Наратауов басқарды.
2000 жылдан 2014 жылға дейін кафедра басшысы қызметін полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты А.Е. Қабдуев атқарды.
2014 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін кафедраны полиция подполковнигі, заң ғылымдарының кандидаты А.Ж. Нұрышев басқарды.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап 2018 жылға дейін кафедраны полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты А.Б. Айтуарова басқарды
2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсан айына дейін азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасын философия ғылымдарының докторы, полиция майоры Райбаев Даулет Кумарбекович басқарды.

Әтүрлі жылдары кафедрада жұмыс істегендер: И.Д.Гамолин, А.Д.Фролов, Е.К. Ыбраймханов, В.А. Казаков, Р.А.Тельгарин, Т.Ш. Құлматов , Ж. Ысқақов , Е.Т. Зейнешев , А.Е. Қабдуев, С.Д. Бекишева, Ж.Ж. Әміржанов, Е.Қ. Қамиев, Д.А. Дәулетияров, К.О. Қарабеков, А.Г. Ахашов , Р.Р. Әбләтипов, Е.Д. Мейманов, В.Ш. Бакеев , Ұ.М. Хамзин , Р.Д. Оқашев, Құсаинова, К.Т. Балтабаев, Н.Б. Мұздыбаев, А.Г. Ахашов, А.Ж. Жақсылықов  және т.б.

Жалпы заң пәндері кафедраның бірінші басшылары:

Джиембаев Руслан Қайратұлы, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция подполковнигі.

Райбаев Дәулет Құмарбекұлы, жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, философия докторы (PhD), полиция майоры.

Кафедраның штат саны 17 профессорлық-оқытушылар құрамынан және 1 оқу-көмекші жұмыскерден тұрады:

Кафедра лаборанты  Мейрманова Динара Сериковна.

2.16.3.Кафедра общеюридических дисциплин.KZ

error: Не получилось