к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Криминалистика кафедрасы

Криминалистика кафедрасы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы криминалистика кафедрасының құрылуы және дамуы осы оқу орнының тарихымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебі 1969 жылғы 10 қазанда КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы құрамын Алматы қаласынан өз білім алушыларымен бірге қоныс аударған КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебі Алматы факультетінің оқытушылары құрады. Олардың ішінде А.Я. Гинзбург, Н.М. Бейсембаев, В.П. Ермолович, А.Н. Шепель, А.Н. Самойличенко и А.И. Маявский болды.

Кафедраның құрылуының бастапқы кезеңіндегі басты қиыншылықтар тек оқу процесін ұйымдастырумен ғана емес сонымен қатар оқу-материалдық базаны құрумен де жалғасты, яғни 1973 жылы атамыш база негізінен құрылып, келесіде модернизацияланып отырды.

Кафедраның бірінші бастығы заң ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкер Гинзбург Александр Яковлевич болды (1969-1975 жж.).

Келесіде кафедраның басшылары болғандар: Виницкий Лев Витальевич, заң ғылымдарының докторы, профессор (1975-1993 жж.); Куванов Владимир Васильевич, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкер (1972-1974 жылдар және 1993-1998 жылдар); Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор (1997-1999 жж.); Арыстанбеков Марат Ақытұлы, заң ғылымдарының докторы, доцент (1999-2008 жж.); Шакенов Ардақ Ордашевич, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (2009-2017 жж.); Жакулин Асылбек Бейсембекович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Сондай-ақ кафедрада әртүрлі уақыттарда келесі ғалым-криминалистер еңбек етті: А.Я. Марков, М.А. Алиханов, Г.А. Еленюк (кафедрада 25 жылдан астам уақыт қызмет өткерді), Р.А. Шарипов, Г.М.Мұқашев, И.Б. Зинкевич, А.О. Осмонов, Э.Е. Көңілқұлов, В.Я. Дудов, П.И. Никитенко, А.В. Прокопович, А.В. Попов, А.Н. Самойличенко, В.М. Шиналиева, А.В.  Пылаев, Б. М. Мусин, Н. Р. Төлендиев, А.В. Клопов,Ж.А. Түсіпбеков, А.Ш. Нағманов,А.Г. Чернов, В.Н. Нечаев, Е.Б. Нілдібаев, Е.П. Сороченко, Ж.Ж.Амержанов, А.А. Тафинцев, Б.А. Әубәкіров, Н.У. Жакудаев, Н.Н. Минжанов, Д.В. Лапшин,А. С. Ноғайбаева, Ж.Ш. Құсайынов, Ж.С. Кемпирова және басқалар.

Кафедрада жұмыс атқара отырып, диссертациялық зерттеулер дайындап, оларды қорғағандар: Л.В. Виницкий (з. ғ. д., 1991 ж.); А.А. Ерохин (з. ғ. к., 1983 ж.); И.И. Пиндюр (з. ғ. к., 1984 ж.); В.П. Гмырко (з. ғ. к., 1984 ж.); С.Е. Еркінов (з. ғ. к., 1985 ж.; з. ғ. д., 2000 ж.); М.К. Самалдықов (з. ғ. к., 1985 ж.);Б.М. Нұрғалиев (з. ғ. к., 1987 ж.; з. ғ. д., 1998 ж.); В.И. Щукин (з. ғ. к., 1992 ж.); А.И. Бородуллин (з. ғ. к., 1996 ж.); М.А. Арыстанбеков (з. ғ. к., 1996 ж.); Д.Ү. Балғымбеков (з. ғ. к., 2000 ж.); А.О. Шакенов (з. ғ. к., 2000 ж.); Г.С. Оспанова (з. ғ. к., 2001 ж.); А.Б. Айтуарова (з. ғ. к., 2001 ж.); И.В. Кондратьев (з. ғ. к., 2000 ж.); С.Р. Шарипов (з. ғ. к., 2001 ж); А.Қ. Қалиев (з. ғ. к., 2002 ж.); А.Б. Жакулин (з.ғ. к., 2003 ж.); А.Г. Еленюк (з. ғ. к., 2004 ж.); Т.З. Аймағамбетов (з. ғ. к., 2005 ж.); Ғ.М. Есболаев (з. ғ. к., 2007 ж.); М.Б. Рыбчак (з. ғ. к., 2008 ж.), Х.М. Куставлетов (з. ғ. к., 2008 ж.).

1980 жылы криминалистика кафедрасының профессорлары мен оқытушылары Мәскеу Олимпиадасында, ал 1986 жылы Ерікті Ойындарда қоғамдық тәртіпті және қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етті, 1988-1990 жылдары Баку, Ереван және Степанакерт қалаларында Кавказ оқиғаларында тәртіптің сақталуына қатысты.

Криминалистердің алғашқы ұжымы қалаған дәстүрлерді оқытушылардың бұрынырақта еңбек еткен және қазіргі уақытта еңбек етіп отырған келесі ұрпақтары да жалғастыруда.    

Қазіргі уақытта кафедраның штаттық саны 11 қызметкерден тұрады: кафедра бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент полиция полковнигі А.Б. Жакулин; кафедра бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі А.Г. Еленюк; кафедра профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы полиция подполковнигі А.Б. Сәкенова; кафедра профессоры, заң ғылымдарының магистрі полиция полковнигі Б.С. Телемисов; кафедра аға оқытушылары: полиция подполковнигі С.О. Айдарбек; полиция подполковнигі А.Ж. Жүнүсова; полиция подполковнигі К.Ю. Ополонина және полиция майоры Б.Қ. Біржанов; кафедра оқытушылары полиция майоры Д.Ә. Жақұдаев; полиция майоры А.С. Тулеуова және полиция аға лейтенанты Ж.Е. Айтжанов.

2.8.2.Кафедра криминалистики.KZ

Кафедраның басты міндеті – бұл тергеу-криминалистикалық және жедел-криминалистикалық мамандықтар бойынша оқу, тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибелер жеткілікті. Кафедра қызметкерлері оқу және тәрбие процестерінің бірыңғайлылығына қол жеткізуге, болашақ мамандардың бойында жоғары моральдық-өнегелілік қасиеттерді қалыптастыруға, оларда құқықтық мәдениетті дамытуға тырысады. Білім берудің мақсаты ретінде қылмысты ашу және тергеп-тексеруде терең теориялық дайындығы бар, кәсіби білім мен техника-криминалистикалық құралдарды қолдану бойынша дағдыларды меңгерген жоғары білікті тергеушілер мен маман-криминалистерді даярлау табылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы кәсіби даярлық, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау, жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру факультеттерінде бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантурада сабақтар жүргізеді.

Білім берудің барлық жүйесін цифровизациялаудың заманауи жағдайларында инновациялық құралдарды қолдану арқылы білім беру әдістемесін жасап шығару қажеттілігі туындайды. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы осы бағытта мемлкеттік стандартқа, типтік бағдарламаларға, уақыт тенденцияларына сәйкес болатын белсенді оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді. Заманауи инновациялық технологиялар мен академияның материалдық базасы пән бойынша өткізілетін сабақтар барысында оқытудың техникалық құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.   

Практикалық сабақтар оқу-әдістемелік кабинеттерде және жедел-криминалистикалық полигонда жүргізіледі

Кафедрада бағдарламаланған білім беру және курсанттардың білімін бақылауға арналған бақылап-оқыту бағдарламалары жасап шығарылған және оқу процесінде кеңінен қолданылады. Солардың негізінде компьютерлік бақылап-оқыту бағдарламалары және тесттер әзірленген. Кафедрамен оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету жүйесінің келесідей құжаттар кешені даярланды: криминалистика курсын оқыту тұжырымдасасы, типтік және жұмыс оқыту бағдарламалары; мамандық саласын ескере отырып жасалған тақырыптық жоспарлар; оқу-әдістемелік карталары; дәріс, семинар және практикалық сабақтардың жоспарлары; оқу бағдарламасының тақырыптары бойынша дәрістер қоры.

Кафедрадағы оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта келесі пәндерді оқыту қамтамасыз етілуде: криминалистика, тергеу әрекеттерінің тактикасы және технологиясы; сот экспертологиясы; сот медициеасы мен сот псиатриясының негіздері; бухгалтерлік есеп және сот-бухгалтерлік сараптама негіздері; сот фотографиясы;дактилоскопия және дактилоскопиялық зерттеу; суық қаруды зерттеу; трасология және трасологиялық зерттеу; баллистика және баллистикалықзерттеу; тергеу әрекеттеріне маманның қатысуы; құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу; Қазақстан Республикасындағы қолжазбалық зерттеу; портреттік-идентификациялық зерттеу; заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен және Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментімен үнемі байланыс жасап отырады.

Кафедра ҚС ж АЕК ақпараттық жүйесіндегі өзіне «АРМ-Криминалист» жүйешесін кіргізетін «Е-УД» (электронды қылмыстық іс) ғылыми апробациялауға және оны практикада, сондай-ақ оқу процесінде қолдануға қатысады.

Білім алу аяқталғаннан кейін, жоғары білім туралы диплом алумен қатар жедел-криминалистикалық мамандығының курсанттары емтихан сессиясының қорытындылары бойынша төрт зерттеу, яғни: дактилоскопиялық зерттеу; суық қаруды зерттеу; трасологиялық зерттеу; баллистикалықзерттеу жүргізу құқығын беретін куәліктер алады. Сондай-ақ кафедра келесіде сертификаттар мен криминалистикалық зерттеулер жүргізуге рұқсатнама беру арқылы ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметкерлерін қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Күндізгі оқыту нысанында және біліктілікті арттыру курстарында практикалық сабақтарды жүргізу кезінде суық қарудың, оқ-дәрі мен атыс қаруының коллекциялары қолданылады. Академия тирінде орналасқан «Спрут» суда оқұстағышты қолдану арқылы қарудан ату жүргізу және келесіде «Кондор» автоматтандырылған оқгильзотеканың көмегімен атылған оқ-дәрілерді зерттеу бойынша практикалық сабақтар жүргізіледі. «Папилон» АХАЖ, цифрлық микроскоп және кафедрада бар басқа да компьютерлік техника қолданылады.

ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес емтихандарды «ЖКД жанындағы криминалистикалық біліктілік комиссиясы» қабылдайды, төрағасы – Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы, комиссия мүшелері – 5 жылдан кем емес қызметтік өтілі бар және сол саладағы зерттеулерді жүргізуге мамандандырылған ЖКД қызметкерлері мен кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы.

Маман-криминалистиерді даярлауға бағытталған пәндерді оқытудың озық тәжірибелерін зерделеу мақсатында кафедра оқытушылары РФ ІІМ ведомстволық оқу орындарына, Беларусь Республикасы ІІМ Минск академиясына, ҚХР Шаньян полиция университетіне, Үнді елінің Гуджарат провинциясындағы криминалистикалық университетіне және басқаларға барды.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы криминалистиканың әрқилы проблемаларын өңдеуге едәуір үлес қосты. Яғни ғылымның теориялық ережелерімен, криминалистикалық техниканың құралдары мен әдістерін жасап шығару және қолдану сұрақтарымен, жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикасымен, тергеп-тексеруді жоспарлаумен, қылмыстың жекелеген түрлерін тергеп-тексеру әдістемесін жасап шығарумен, тактикалық тәсілдер мен техникалық құралдарды жетілдірумен байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ғылыми-практикалық конференциялар, викториналар, диспуттар, әйгілі ғалымдар мен құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлерін шақыру арқылы дөңгелек үстелдер өткізіледі. Кафедра оқытушылары диссертациялар бойынша оппонент ретінде қатысады, диссертациялар мен диссертация авторефераттарына пікір дайындауға қатысады. 

Байланыс ақпараты:
кафедра бастығы: Жакулин Асылбек Бейсембекович
тел.: 8 (7212) 30-33-88
эл. почта: a.zhakulin@kpa.gov.kz

error: Не получилось