к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тілдік дайындық кафедрасы

Тілдік дайындық кафедрасы

Ұлттық мәдениетті жаңғырту, қазақ тілінің маңыздылығын көтеру, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас мәртебесінде нығайту, шет тілін үйренуді көздеу 1999 жылы тілдер кафедрасының талай жыл бойы ойдағыдай қызмет ететін және кадрларды дайындауды іске асыратын қазақ тілі кафедрасы және орыс тілі және шет тілдері кафедрасына бөлінісіне себепші болды. Оқу үдерісін оңтайландыру 2005 жылы педагогикалық екі монолитті біртұтас ұжымға – тілдік дайындық кафедрасына біріктіруді талап етті.

Қазіргі кезде тілдік дайындық кафедрасы – тіл білімінің әр түрлі салаларын қамтитын, жоғары білікті пікірлестердің қалыптасқан шығармашылық ұжымы.

Оның қайнар көзі ретінде төмендегі мамандар болды: ф.ғ.к., доцент Л.А.Чуйкина (1972-1990жж.), ф.ғ.к., доцент С.А.Диканбаева (1990-1993жж.), ф.ғ.к., доцент К.З.Сембиев (1992-1997жж.), ф.ғ.к., доцент А.Ю.Самохин (1995-2005жж.), С.З.Абдрахманов (1996-1998жж.), Б.Е.Ибраев (1992-1994жж.), Ж.Борибаев (1992-1997жж.), Р.О.Оймауытов (1992-1993 жж., 1999-2005 жж.), М.Мырзабеков (1993-1997 жж.), С.Юсупов (1992-1994 жж.), Ж.Ж.Жетибаева (1993-2002 жж.), Л.А.Муслова (1993-2006 жж.), В.В.Фельде (2006-2007 жж.), Е.Г.Щетинин (1997-2004 жж.), Э.Дильдяева (2001-2005 жж.), Т.Кузнецова (1992-1998 жж.), Р.М.Стафеев (2002-2008жж.), ф.ғ.к., доцент А.А.Бейсеев (2003-2008жж.), С.К. Алтайбаев (1999-2007 жж.), К.Дос (2002-2007 жж.).

Кафедраның жұмысына мол шығармашылық күш пен жігер салынды. Әр түрлі жылдар бойы кафедраны басқарған төмендегі тұлғалар: ф.ғ.к, доцент Л.А.Чуйкина (1972-1990 жж.), ф.ғ.к., доцент С.А.Диканбаева (1990-1992 жж.), ф.ғ.к. К.З.Сембиев (1992-1995 жж.). 1995-2005жж. аралығында орыс тілі және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі ретінде ф.ғ.к., доцент А.Ю.Самохин болды, 1999-2005жж. аралығында қазақ тілі кафедрасының бастығы – ф.ғ.д., профессор Ш.Ш.Жалмаханов, 2005ж. екі кафедраны (қазақ тілі және орыс тілі және шет тілдері кафедрасын) біріктіру базасында негізделген тілдік дайындық кафедрасын басқарған. 2018-2020жж. аралығында тілдік дайындық кафедрасын ф.ғ.к., полиция майоры М.С.Абишева басқарған.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2020 жылғы 29 қаңтардағы №62 бұйрығына сәйкес тілдік дайындық кафедрасы ерікті жалдамалы қызметкерлерден тұратын жаңа құрамда құрылды.

Бүгінгі таңда тілдік дайындық кафедрасының құрамында 7 қызметкер бар: аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі (қазақ тілі) А.М.Дүйсембеков, аға оқытушы (орыс тілі) А.С.Давленова, аға оқытушы (шет тілі) А.Е.Искакова, оқытушы (орыс тілі) Д.Р.Сулейменова, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі (шет тілі) А.А.Луговой, оқытушы (қазақ тілі) Л.И.Казанаева, кафедраның лаборанты Жусупова М.К.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ