к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Бастық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор полиция подполковнигі.

Джиембаев Руслан Кайратович


Начальник факультета послевузовского образования кандидат юридических наук, ассоциированный профессор подполковник полиции

Джиембаев Руслан Кайратович

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Адъюнктура –ІІМ жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелеріне арналған ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудың негізгі нысандарының бірі.КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне арналған ғылыми-педагогикалық кадрлар өз адъюнктурасы ашылғанға дейін КСРО ІІМ Мәскеу, Киев жоғары милиция мектептерінің адъюнктурасында дайындалды. Оған КСРО ІІМ ҚЖМ қызметкерлері қатарынан офицерлер жіберілетін. Алайда Қарағандыға барлығы қайтып келген жоқ.

Қазақстанның милиция жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, кадр құрамының тұрақтылығын сақтау мақсатында 1992 жылы 12.00.02, 12.00.08 және 12.00.09 мамандықтары бойынша жоғары оқу орнында күндізгі оқыту нысаны бойынша 10 адъюнкт және сырттай оқыту нысаны бойынша 10 адъюнкт қабылдаумен адъюнктура бөлімі ашылды.

Адъюнктура бөлімінің бірінші бастығы ф. ғ. к., доцент Р.Р. Сәбитов болды. Аталған бөліністі әртүрлі уақытта пед. ғ. д., профессор Н.А. Мыңжанов, э. ғ. к., доцент Н.А.Лисова, з. ғ. д. И.П.Корякин, з. ғ. к., доцент О.Т. Сейтжанов басқарды. Қазіргі уақытта академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады.

2008 жылға дейін адъюнктура Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру жүйесінде ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудың негізгі нысандарының бірі болды.

Адъюнктура бөлімі кезінде 250-ге жуық адам оқудан өтті, олардың жартысынан көбі диссертацияларын сәтті қорғады және ғылым кандидаттары атағына ие болды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының жанында диссертациялық кеңес ашылды. Осы кеңесте Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЗИ өзінің адъюнкттары және ізденушілері, сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының, Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институтының және басқа да жоғары оқу орындарының адъюнкттері және ізденушілері кандидаттық диссертацияларын қорғады.

2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2004 жылы 13 сәуірдегі бұйрығы негізінде ішкі істер органдарын басқару кадрларының резервін даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтында магистратура бөлімі құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 23 шілдедегі бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы

Қарағанды заң институтының магистратурасына білім беру қызметіне лицензия берілді.

Магистратура бөлімінің бірінші бастығы – т. ғ. к. А.А. Тәжіғұлов болды. 2007 жылғы 5 наурыз – 2010 жылғы 20 тамыз аралығында магистратура бөлімін з. ғ. к. Ш.Қ. Құсайынов басқарды.

2010 жылғы 11 наурызда Қазақстанның Еуропалық жоғары білім беру (Болон процесі) аумағына кіруімен байланысты жоғары білім беруді қайта құрылымдау өткізілді: кадрларды даярлаудың үш сатылы үлгісі енгізілді: (бакалавриат -магистратура – PhD докторантура). Осылайша 2010 жылы қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының магистратура бөлімінің базасында докторантураның және магистратураның бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыратын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты құрылды.

Академияның құрылымындағы ұйымдық-штаттық өзгерістеріне сәйкес 2019 жылдың қараша айында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті болып өзгертілді. 2020 жылдың (қаңтар айынан сәуір айына дейін) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетін з. ғ. к., доцент, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Б.А. Құлмұханбетова басқарды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті магистратураның және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жетілдіруді және функциялауды қамтамасыз етуді іске асыратын Академияның құрылымдық бөлінісі болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде күндізгі оқыту нысаны бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының магистратурасындадайындық екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-педагогикалық магистратура. «7М12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі берілуімен оқу мерзімі 2 жыл жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің педагог және ғылыми қызметкерлерін даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асырады.

Бейінді магистратура. «7М12302 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі берілуімен оқу мерзімі 1 жыл құқық қорғау органдарының басқарушы кадрларын тереңдетіп кәсіптік даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асырады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының докторантурасында «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу мерзімі 3 жыл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау іске асырылады. Философия докторларын (PhD) дайындау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі философия докторы (PhD) дәрежесі берілуімен, докторлық диссертацияны қорғауды қоса алғанда, докторанттың докторантураның білім беру бағдарламасын игеруі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің құрамы:

Факультет бастығы.

Ғылыми-педагогикалық магистратура
Бижанова Ж.С. – оқытушы-әдіскер
Қапашева Ж.С.– оқытушы-әдіскер
Аманжолова Д. А.

Бейінді магистратура
Саменова З.Б.– аға оқытушы-әдіскер

Докторантура
Козлова С.Ю.– оқытушы-әдіскер

Байланыс ақпараты:
Телефон: +7(7212) 30-35-20

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ