к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ БӘРІМБЕК БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Карағанды академиясының Ғылыми-зерттеу институты (әрі қарай – ҒЗИ) Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Карағанды академиясының құрылымдық бөлінісі болып табылады.

ҒЗИ Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының 1999 жылдан бастап қызмет ететін (Алматы қаласы) Ғылыми орталығы базасында 2002 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 407 бұйрығымен құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 қарашадағы «Ұйымдық-штаттық мәселелері туралы» № 437 бұйрығымен ҒЗИ Алматы қаласынан Астана қаласына жаңа орынға орналастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2011 жылғы 24 ақпандағы № 169 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ұйымдық-штаттық мәселелері туралы» 2011 жылғы 04 сәуірдегі № 144 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясынан ҒЗИ Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының штатына берілді.

Бұның негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2011 жылғы 24 ақпандағы № 169 қаулысы болды.

ҒЗИ құрылымының орталықтары:

2002–2009 жылдар аралығында ҒЗИ-ның тұңғыш жетекшісі, әрі Алматы академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор, полиция полковнигі Б.А. Әбдірахманов болды. Ғылыми-зерттеу институтын Астана қаласына ауысқаннан 2010 жылға дейін з.ғ.к. Ы.А. Жандарбеков басқарды.

Содан кейін Ғылыми-зерттеу институтын басқарғандар:

2010–2011 жж. – з.ғ.д., профессор, полиция полковнигі З.С. Тоқыбаев;
2011 жылы – з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Қ.Т. Балтабаев;
2013–2014 жж. – з.ғ.д., полиция полковнигі И.П. Корякин;
2014–2016 жж. – з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Б.А. Құлмұханбетова;
2016–2017 жж. – з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Г.Қ. Байжанова;
2017–2019 жж. қараша айынан бастап заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі О.Т. Сейтжанов;

2019 жылдың тамыз айынан бастап Ғылыми-зерттеу институтын заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі С.А. Тессман басқарады.

Тессман С.А.
Тессман С.А.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ