к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Группа финансового обеспечения.KZ

Қаржылық қамтамасыз ету тобы

1969 жылы Мәскеу КСРО ІІМ милициясының жоғары мектебінің Алматы факультеті базасында КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі құрылды. Мектеп ашылған күннен бастап қаржы-жоспарлау бөлімі құрылды. Бөлімнің бірінші басшысы болып В. А. Королев тағайындалды. 1979 жылы бөлімнің басшысы болып ішкі қызмет полковнигі Саденов Бекен Ахметұлы тағайындалып, 1979 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта бөлімді басқарды.

Полковник Б. А. Саденовті барлығы академияны дамытуға көп үлесін қосқан сауатты, жоғары білікті маман ретінде таныды. 1981 жылдан 1996 жылға дейін ҚЖБ бас бухгалтері болып Гаврилюк Татьяна Ивановна жұмыс істеді. Ол зейнеткерлікке шықса да, тәлімгер ретінде жас мамандармен өзінің үлкен тәжірибесімен бөлісіп, бөлімдегі жұмысын жалғастырды.

Біздің құрметті демалыстағы ардагерлеріміз ерекше құрметке ие. 2000 жылдан 2010 жылдың қазанына дейін қаржы бөлімін полиция полковнигі Майтанов Әлихан Масғұтұлы басқарды. 2010 жыл­дың қарашасынан 2018 жылдың наурыз айына дейін қаржымен қамтамасыз ету бөлімін полиция подполковнигі Марданова Мәдина Рахымқызы басқарды. Ол 1996 жылдың қарашасынан 2010 жылдың қазанына дейін қаржы бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Бөлімде полиция майоры Фрид Светлана Васильевна, полиция майоры Имағамбетова Қарлығаш Сланбекқызы, Елеусізова Марфуға Төлеуқызы, Салахова Светлана Гамировна және т. б. сияқты білікті мамандар қызмет етті.

Бұл мамандардың алдында қандай да бір қиын және маңызды міндеттер тұрмасын, барлық бастамалардың табыс кепілі болып табылатын мақсаттылық, бей-жайқарамаушылық, әрбір іске шынайы қарау сияқты қасиеттер бар екендігін сенімділікпен айтуға болады.

Бұл қызметкерлер кешенді тәсіл, тиімді басқару және өз міндеттерін адал атқару арқылы әріптес­терімен жұмыс жасауда үлкен нәтиже көрсете алды.

Қазіргі уақытта қаржымен қамтамасыз ету тобында:

Утебаева Анар Сүйіндікқызы, 2005 жылғы сәуір айынан бухгалтер лауазымында, 2018 жылғы сәуір айынан бас бухгалтер лауазымында;

Қияқова Айгүл Бүркітқызы, 2016 жылғы желтоқсан айынан бухгалтер лауазымында, 2018 жылғы сәуір айынан бас бухгалтердің орынбасары лауазымында;

бас экономист Салахова Светлана Гамировна, 1997 жылғы наурыз айынан бастап қызмет етуде;

экономист Жетпісбаева Динара Серікқызы, 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап етуде;

Бухгалтерлер:

Демшанов Руслан Жанатович

Шалабаева Жибек Жусуповна

Тусупбаева Айгерим Табигатовна

Абишева Айгуль Темирбулатовна

Токубаева Зауре Утегеновна

қызмет етеді.

Қаржымен қамтамасыз ету тобының басты қағидалары:

ҚҚЕТ академияның барлық бөлімшелері үшін қызметтері мен міндеттердің қаржылық базасын, сонымен қатар академияға бөлінген ақшалай қаражат шығыстарын үнемді, мақсатты және ұтымды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

ҚҚЕТ өз қызметі барысында құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша ЖОО-ның жұмысын жаңарту бойынша ұсыныстарын басшылыққа қарастыруға беруді және академия мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді.

ҚҚЕТ жалпы жетістіктері сауатты, жауапкершілігі мол мамандар еңбегінің арқасында анықталады. Қажырлы еңбек, жаңа өзгерістерді үйренуге ұмтылу және оларды өз жұмысында қолдану – бұл ұжым жұмысының ең басты қағидаларының бірі.

Байланыс ақпараты:
Тел.: 8(7212) 30-33-77;
8(7212) 30-34-09;
8(7212) 30-33-94.
Эл. пошта: fino@kpa.gov.kz

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ