г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

Бостандық пен тәуелсіздік, бұл адам өміріндегі ең маңызды құндылықтар

Вторник, 20 декабря 2022

Бостандық пен тәуелсіздік, бұл адам өміріндегі ең маңызды құндылықтар. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Дәл осы күні халқымыздың барлық ұрпақтарының арманы орындалды, ежелгі қазақ жерінде жас тәуелсіз мемлекет жарияланды. Осы атаулы күнге орай кітапхана қызметкерлері 2 курс курсанттарымен және кәсіптік даярлау факультетімен бірлесіп Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Болашаққа ұмтылған ел» атты викторина ойнатылды. Бұл іс-шараның мақсаты — отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына деген қызығушылықты, өз халқының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сонымен қатар Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновке арналған портрет кеші аталып өтті. Құқық профессоры, генерал-майор, КСР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Бәрімбек Сәрсенұлы 2022 жылдың желтоқсанында 99 жасқа толар еді. Б. Бейсенов құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау бойынша жоғары ведомстволық білім беру негіздерін құруға баға жетпес үлес қосты. Оның қайталанбас жарқын тағдыры, кәсіби қалыптасу кезеңдері-бұл өмірдің нағыз кітабы, кәсіби борыш пен жоғары кәсіпке адал қызмет етудің үлгісі.

Кез келген ел сияқты, Тәуелсіз Қазақстан да өз халқының өмірінің жоғары деңгейіне, заманауи технологияларға негізделген өркендеген экономикаға, сыртқы саясатта тең құқықты қатынастар құруға ұмтылады. Тәуелсіздік барлық азаматтардың бірлескен күш-жігерімен қорғалуы және нығайтылуы қажет нәзік нәрсе екенін есте ұстаған жөн.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ