г. Караганда, Ермекова, 124

flag

РУС

Call-центр

1414

Телефон доверия

+ 7 (7212) 30-36-66

Приёмная комиссия

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-центр 1414

Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу — айрықша миссия

Среда, 12 января 2022

Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу — айрықша миссия.

Бұл — Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы.

Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу - айрықша миссия

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары тыңдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын айқындап, Мәжіліс отырысын өткізіп, көптеген маңызды мәселені нақтылап берді. Елімізге төнген қауіп-қатер кезінде ерлік пен табандылық көрсеткен күштік құрылым қызметкерлеріне алғысын білдіріп, марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты. Сондай-ақ, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу жолында бірігіп, осындай ынтымағы жарасқан халқымыздың жұдырықтай жұмылғанын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар

Президент құқық қорғау саласы оның ішінде ішкі істер органын реформалау, полиция деңгейін көтеру, сондай-ақ полицияның құқықтық қорғалуын арттыру мәселесіне тоқталды.

Академия курсанттары Үндеуде айтылған маңызды мәселелер мен тапсырмаларды зейін қойып тыңдап, өз ойларымен бөлісті.

error: Не получилось